28.02.2013, 09:45 6512

Қазақстанда жастар волонтерлік корпусы құрылады

"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Дүниежүзілік банк Жастар корпусының жаңа жобасын талқылады. Талқылауға Дүниежүзілік банктің ресми өкілдері Кейко Иноуэ мен Маттео Морганди, ҚР Білім және ғылым министрі Мұрат Ибенов, ҚР БҒМ-нің Жастар істері комитетінің басшысы Нұрлан Өтешев қатысты",- деп хабарланған ведомство мәлімдемесінде.

Астана. 28-ақпан. Kazakhstan Today - Астанада волонтерлік ұйым және сервистік қызмет көрсету қағидаты бойынша құрылатын жастар корпусын жасау және құру жұмыстары талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Дүниежүзілік банк Жастар корпусының жаңа жобасын талқылады. Талқылауға Дүниежүзілік банктің ресми өкілдері Кейко Иноуэ мен Маттео Морганди, ҚР Білім және ғылым министрі Мұрат Ибенов, ҚР БҒМ-нің Жастар істері комитетінің басшысы Нұрлан Өтешев қатысты",- деп хабарланған ведомство мәлімдемесінде.

Осы кездесу барысында жаңа жобаның жалпы бағыттары мен мақсатты аудитория жайында сөз қозғалған болатын. Қазақстан тарапының пікірінше, жобаның басты мақсаты қазіргі мемлекеттік бағдарламаларды қайталау емес, жастар саясатының қолданыстағы күн тәртібіне нақты бір үлес қосу болып табылады.

Мәлімдемеде атап өтілгендей, жастар корпусы жобасы сервистік оқытудың инновациялық бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жастарды дамытуға бағытталған. Жобаға қатысатын жастар шәкіртақы алып, толық немесе жартылай жұмыспен қамтылу негізінде жергілікті қоғам үшін бір жыл мерзіміне дейін жұмыс жасайды.

Осылайша, волонтерлік призма арқылы практикалық машықтарын дамыту мақсатында жастарды тарту көзделген.

Жоба шеңберінде жастар репетиторлық пен тәлімгерлікке, жергілікті мектептер немесе медициналық орталықтардағы жұмысқа, экологиялық жобалар, қарт адамдарға күтім көрсету, халықтың әлсіз санатына үй салу, көзі көрмейтін адамдарға кітап оқу, мәдениет үйлерін жөндеуден өткізу және т.б. бойынша жұмыстарға тартылады.

Сонымен қатар, жастар корпусының мүшелерін машықтанудан және оқу-үйренуден өткізу мүмкіндігін ұсынуға қызығушылық танытқан ұйымдар анықталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны