Система Orphus

Қазақстанда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін алуға бірыӊғай кезекте тұрған азаматтар реестрін құру жоспарлануда

30.09.2016, 10:41 2022

Астана. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Электронды үкімет" порталында Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін сатып алуға бірыӊғай кезекте тұрған азаматтар реестрін құру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Ауылшаруашылығы министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, кеше ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ кеӊейтілген алқа мәжілісі болып өтті.

2016 жылғы 9 қыркүйектегі Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында Мемлекет басшысы және 13 қыркүйектегі Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі алдына ауқымды мақсаттар мен бірқатар міндеттемелер қойған болатын. Өз кезегінде, бұл міндеттемелер бүгін ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтіӊ төрағалығымен Министрліктіӊ өӊірлермен бейнебайланыс режиміндегі алқа мәжілісінде кеӊінен талқыға түсіп, оларды жүзеге асырудыӊ жол картасы жасалды.

Біріншіден, жүзеге асырылып жатқан Агробизнес - 2020 бағдарламасы негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасы әзірленетін болады.

Жаӊа бағдарлама АШМ желісі бойынша ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндірісіне қолдау білдіруді ғана емес, өзге де салалармен сабақтасқан мәселелерді қамтиды.

Сондай-ақ, бағдарламаны бекіту аясында АӨК-ті субсидиялау жүйесіне бірқатар түзетулер енгізу жоспарлануда. Өсімдік шаруашылығында бұл тармақ егін алқаптарын, оныӊ ішінде, бидай алқаптары құрылымын диверсификациялауға қатысты. Ал мал шаруашылығында тәуекелі аз, жеммен қамтамасыз етілуі оӊай орта және шағын шаруашылықтарды қамту және жайылымдық мал шаруашылығы әлеуетін пайдалану мүмкіндіктері қарастырылуда.

Сонымен қатар, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ныӊ несиелеу саясаты қайта қаралатын болады. Атап айтқанда, бұл АӨК субъектілерін қамту аясын еселей түсетін орта және шағын жобаларға қатысты.

Мемлекет басшысымен бекітіле отырып, Агробизнес - 2020 бағдарламасын "мемлекеттік" форматында қайта бекіту үрдісі өӊірлердегі ауыл шаруашылығы өндірісініӊ дамуына түрткі болады және де жоғарыда аталып өткен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Екіншіден, жаппай кәсіпкерлікті дамыту жұмысын жандандыру үшін ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және жеке қосалқы шаруашылықтар әлеуеттерін қолдану арқылы кәсіпорындардыӊ қайта өӊдеу қуаттарын жүктеу шаралары қолға алына бастады. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен жылжытуды орталықтандыру үшін жасалуда.

Құрылатын ауыл шаруашылығы кооперативтері сүт, ет, жемістер мен көкеністер, жүн мен тері әзірлеумен, сондай-ақ, омарташылық, құс шаруашылығы, тауарлық балық шаруашылығы және АӨК-тіӊ басқа да бағыттарымен айналыса алады.

Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту шараларын іске асыру арқылы 3 жылда тауарлық өндіріске 226 мыӊ ЖҚШ тарту және 70 мыӊнан аса жұмыс орынын ашып, қайта өӊдеу кәсіпорындарыныӊ жүктелімін кемінде 20 %-ға арттыру көзделуде.

Бүгінде 448 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып үлгерді және де ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнайы салықтық режимді іске асыру барысында жердіӊ болуы талабын жою бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Үшіншіден, жеке тұрғын-үй құрылысы үшін жер телімін беру мәселесі қаралды.

Кеӊейтілген отырыста Мемлекет басшысы "Нұрлы жер" бірыӊғай тұрғын-үй құрылысы бағдарламасын әзірлеуді тапсырған еді. Онда ЖТҮҚ үшін 10 сотық жер телімін бөлу мәселесі қозғалады.

Бұл мәселені шешу үшін Жер кодексіне әкімдіктерге мемлекет қажеттілігіне ЖТҮҚ үшін жер телімдерін сатып алу мүмкіндігін беру бойынша өзгеріс енгізу көзделуде.

Айталық, кезекте тұрған азаматтардыӊ тізімін жүйелеу және екі рет тегін жер телімін алу жағдайларын болдырмас үшін "Электронды үкімет" порталында бірыӊғай кезекте тұрған азаматтар реестрін құру жоспарлануда. Бұл жер телімдерін беру механизмдерін жетілдіріп, ел аумағында өтінімдердіӊ бір формасы арқылы арнайы есеп жүргізуге және ағымдағы есепті өзектендіруге мүмкіндік береді.

Төртіншіден, 2016-2017 жылдары экономикалық өсімді ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету жоспары аясында биылғы жылы Министрлікке 97 млрд. теӊге көлемінде қосымша қаржы бөлінді. Бұл қаражат алға қойылған міндеттерді орындау және өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған.

Ендігі кезекте, Министрліктіӊ міндеті - аталған бюджет қаражатыныӊ тиімді игерілуін қамтамасыз ету.

Сондай-ақ, жиын барысында суармалы жерді 600 мыӊ га. ұлғайту және олардыӊ инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері сөз болды.

Бесіншіден, 2016 жылы жануарлардыӊ аса қатерлі ауруларына қатысты эпизоотикалық жағдай жекелеген инфекциялардыӊ таралуын есептемегенде, қалыпты күйде және бұл бағытта тұрақтылық бар. Мысалы, жыл басынан бері жануарлар ауруларыныӊ 95 ошағы тіркелсе, олардыӊ 42-сі дереу жойылып, жергілікті атқарушы органдар шешімімен жабылды. Ал қалған 42 ошақта нұсқаунамаға сәйкес ветеринарлық-карантиндік іс-шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар, тіркелімге алынған бруцеллезді 109 пунктте сауықтыру жұмыстары жүргізілуде.

2016 жылы 135,5 млн. манипуляция жүргізу жоспарланған. А.ж. 7 айында 76,6 млн манипуляция жүргізу жоспарланған. Оныӊ ішінде, 73,1 млн манипуляция жүзеге асырылып, 7 айлық көрсеткіштіӊ 95,4 % жоспары орындалды.

Жиын соӊында ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов отырыс барысында айтылған мәселелерді қорытындылай отырып, алдағы уақытта АӨК-ті жаӊа деӊгейге көтеру бойынша бірқатар тапсырмалар берді және де олардыӊ орындалуы қатаӊ бақылауда болатынын ескертті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны