25.02.2008, 14:45 2981

Қазақстанда жемқор тәртіп сақшысының тағдыры туралы "Тарақанға құрылған қақпан" атты қысқа метражды фильм көрсетіле бастайды

Қазақстанда жемқор тәртіп сақшысының тағдыры туралы "Тарақанға құрылған қақпан" атты қысқа метражды фильм көрсетіле бастайды

Астана. 25 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жемқор тәртіп сақшысының тағдыры туралы "Тарақанға құрылған қақпан" атты қысқа метражды фильм көрсетіле бастайды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ІІМ-нің баспасөз хатшысы

Бағдат Қожахметов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында ІІМ алдағы күндерде республика кинотеатрларында тек жеке құрам үшін жемқор тәртіп сақшысының тағдырын баяндайтын "Тарақанға құрылған қақпан" атты қысқа метражды псиохологиялық фильмді прокатқа шығармақшы", - деді Б. Қожахметов. Оның айтуынша, фильмге "сыбайлас жемқорлық қылмысының жолына түскен тәртіп сақшысының нақты жиынтық бейнесі" негіз етіп алынған. "Бұл қателік жасап алып, сол үшін қыруар құн төлеген тәртіп сақшысы туралы фильм болмақ", - деді баспасөз хатшысы.

Б. Қожахметовтың айтуынша, фильм Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік қызметкерлерге арналған түрмеде түсірілген. Астанадағы Қ. Қуанышбаев атындағы театрдың әртістері басты рольде ойнаған. Фильмнің бюджеті 700 мың теңгеден асты.

"Фильм ІІМ-нің барлығы 100 мың адамды құрайтын жеке құрамына ғана арналып бір жылға жуық уақыт бойы еліміздегі барлық кинотеатрларда көрсетілетін болады", - деді Б. Қожахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны