19.08.2018, 12:26 4005

Қазақстанда жемқорлық қылмыстары үшін түрлі деӊгейдегі 31 әкім жауапкершілікке тартылды

Жалпы жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін түрлі деӊгейдегі 31 әкім және әкімдердіӊ орынбасарлары жауапкершілікке тартылуда (облыстық - 1, қалалық - 4, аудындық - 5, ауылдық округ - 21).

Астана. 19 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда жемқорлық қылмыстары үшін түрлі деӊгейдегі 31 әкім жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысыныӊ Сәтпаев қаласы әкімі орынбасарыныӊ қылмысы әшкереленді. Ол тұрғындардыӊ жақын маӊдағы жерлерден қоныс аударуына арналған Сәтпаев қаласында 2 жатақхана құрылысы кезінде жасалынған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін жеке ұйымдардыӊ бір өкілінен 100 мыӊ теӊге мөлшерінде пара алғаны үшін күдіктелуде.

Өзініӊ кінәсін толығымен мойындауына байланысты ол қамауға алынбады.

Целиноград ауданыныӊ бұрынғы әкіміне қатысты салғырттық фактісі бойынша тергеу басталды. Ол, аудан аумағында 50 гектар жер учаскесін сатып алу арқылы ЖШС-не жеке меншік құқығын беру туралы қаулыға заӊсыз қол қою арқылы өзініӊ қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін күдікті болып отыр, бұл мемлекеттіӊ заӊды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан.

Павлодар облысы Ақсу қаласыныӊ Қалқаман ауылдық округініӊ әкімі өзіне бағынышты басты маманмен алдын ала келісім бойынша ЖШС өкілінен жалға алу шартын жасасу және әкімдіктіӊ әкімшілік ғимаратында төлем терминалын орнату үшін 50 мыӊ теӊге пара алғаны үшін күдіктелуде.

Алматы облысыныӊ Байсерке селолық округініӊ әкімініӊ бұрынғы орынбасары лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланғаны үшін күдіктелуде. Ол облыс тұрғындарыныӊ біреуіне бас жоспарға сәйкес автокөлік тұрағына арналған жер учаскесін жеке қосалқы шаруашылық үшін заӊсыз берген. Бұныӊ салдарынан мемлекетке 496 мыӊ теӊгеге зиян келтірілген.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, Атырау облысында аудан әкімініӊ орынбасары және құрылыс бөлімініӊ бастығы бопсалау арқылы пара алғандары үшін сотталды. Лауазымды тұлғаларға құрылыс бойынша мердігер компаниясынан 500 мыӊ теӊге пара алғандары үшін айып тағылған.

Икімніӊ орынбасары - кінәлі деп танылды. Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Құрылыс бөлімініӊ бастығы да кінәлі деп танылып, 35 миллион теӊге мөлшеріндегі айыппұл төлеуге сотталды.

Кәсіпкерден жүйелі түрде жалпы сомасы 300 мыӊ теӊгеге пара алғаны үшін Ақмола облысыныӊ Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округініӊ әкімі 23,4 млн. теӊге айыппұл төлеуге сотталды.

12 миллион теӊге көлемінде айыппұл төлеуге Жетісай қаласыныӊ әкімі сотталды. Ол осы жылдыӊ ақпан айында "Балапан" бағдарламасы бойынша қаржыландыру мәселесі бойынша оӊ шешім қабылдағаны және бұдан әрі қамқорлық жасау үшін ЖШС құрылтайшысынан 200 мыӊ теӊге көлемінде пара алған.

Ақмола облысыныӊ Целиноград ауданындағы Қосшы ауылдық округініӊ әкімі 8,8 млн. теӊге мөлшерінде айыппұл төлеуге сотталды. Ол 2018 жылдыӊ қаӊтарында Астана қаласыныӊ аумағында жерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында жер телімін беру үшін ЖШС директорынан 3 млн. теӊге сомасына пара алған.

Жалпы жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін түрлі деӊгейдегі 31 әкім және әкімдердіӊ орынбасарлары жауапкершілікке тартылуда (облыстық - 1, қалалық - 4, аудындық - 5, ауылдық округ - 21).

Сотталғандар - 12.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны