27.02.2009, 19:10 3254

Қазақстанда жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстар бойынша 367 деректің жолы кесілді - қаржы полициясы

Қазақстанда жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстар бойынша 367 деректің жолы кесілді - қаржы полициясы

Астана. 27 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2008 жылы және 2009 жылдың алғашқы екі айында жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстар бойынша 367 деректің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің баспасөз хатшысы Дәмежан Есенбекова бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстанда 2008 жылы және 2009 жылдың алғашқы екі айында жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстар бойынша 367 деректің жолы кесілді. Мемлекеттік жер қорына 88 гектардан астам жер қайтарылды. 42 млрд теңге, соның ішінде 40 млрд теңге, немесе 95% мемлекеттке қайтарылды", - деп хабарлайды ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны