10.05.2011, 11:45 3577

Қазақстанда жыл аяғына дейін экономиканың энергия тиімділігінің кешенді жоспары әзірленеді

Бүгін ҚР үкіметі экономиканың жыл сайынғы өсімін 7 пайызға жеткізу жөніндегі жоспарды бекітті. ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетовтың айтуынша, "экономиканың өсуі электр энергиясын тұтынудың ұлғаюымен қатар жүреді"

Астана. 10 - мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда жыл аяғына дейін экономиканың энергия тиімділігінің кешенді жоспары әзірленетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР үкіметі экономиканың жыл сайынғы өсімін 7 пайызға жеткізу жөніндегі жоспарды бекітті. ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетовтың айтуынша, "экономиканың өсуі электр энергиясын тұтынудың ұлғаюымен қатар жүреді"

"Қазақстан экономикасының энергия тиімділігінің кешенді жоспары әзірленуі қажет. Бұл құжатты Экономикалық даму және сауда министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ағымдағы жылдың соңына дейін әзірлеу ұсынылады", - деді Қ.Келімбетов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны