18.09.2008, 15:57 1305

Қазақстанда жыл басынан бері 86 мыңнан астам қылмыс тіркелді - Бас прокуратура

Қазақстанда жыл басынан бері 86 мыңнан астам қылмыс тіркелді - Бас прокуратура

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жыл басынан бері 86 мыңнан астам қылмыс тіркелді. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистка және арнаулы есептер жөніндегі комитетінің қылмыстық-құқықтық статистика бөлімінің бастығы Жанар Белгібаева брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Тіркелген қылмыстардың жалпы саны 86 мыңнан асты, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда қылмыстар санының өсу динамикасы 1,8% құрады", -деді ол.

"Қылмыстар саны еліміздің 9 өңірінде өсті: Маңғыстау, Павлодар, Жамбыл, батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы және Ақтөбе облыстары".

"Қылмыстарды ашу көрсеткішінің азаюы Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында байқалды", -деді Ж. Белгібаева.

Оның айтуынша, "әйелдерге қатысты жасалған қылмыстардың саны 2,1% өсті".

"Жалпы қылмыстар құрылымында ұрлықтар саны 5,6%-ға, тонаушылықтар саны 9,2%-ға өскен, ал бопсалаушылықтар саны 5,8%-ға, қарақшылық шабуылдар 4,1%-ға, бұзақылық - 15,2%-ға кеміді", -деді өкіл.

"Сондай-ақ, қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен жарылғыш қондырғылардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстар саны 35,7%, есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстар саны 3,1% азайған", - деді Ж. Белгібаева.

"8 айда жалпы қылмыс жасағандар саны 50 мың адам болды, бұл былтырғы жылғыдан 2% кем", -деді Бас прокуратура өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны