12.01.2009, 16:31 3260

Қазақстанда жыл басынан бері бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды

Қазақстанда жыл басынан бері бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды

Астана. 12 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жыл басынан бері бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Бұл туралы ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ұйымдасқан қылмыс түрлерінің жолын кесу бойынша жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар өткізу барысында 14 қылмыстық іс қозғалған, оның ішінде 1 қылмыстық іс ҚР ҚК 235-бабы бойынша ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, басқарғаны үшін және екі қылмыстық іс ҚР ҚК 237-бабына сәйкес бандитизм фактісі бойынша қозғалып ұйымдасқан қылмыстық топтың 1 басшысы және 5 қатысушысы ұсталған",- деді ол.

2009 жылдың 5 қаңтарында Батыс Қазақстан облысының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Атамекен" тобының басшысы мен 3 қатысушысы бар тұрақты қарулы баскесерлердіанықтады. Олар "Орал-Атырау" републикалық тас жолында жүк көліктерінің жүргізушілеріне қарақшылық шабуыл жасаумен айналысқан.

Степногорск қаласында Ақмола облысы ІІД-нің ҰҚҚКБ бір азаматты "тапсырыс бойынша" өлтіруді ұйымдастырғаны үшін жәбірленушінің әйелін қамауға алды.

Сондай-ақ, мекеменің хабарлауынша, "2009 жылдың 7 қаңтарында Батыс Қазақстан облысының ІІД қызметкерлері еліміздің Оңтүстік аумақтарынан жеткізілетін есірткі арнасын жойып, есірткі заттарын өткізу мақсатында 4 қатысушыдан құралған ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, басқарған азаматқа қатысты ҚР ҚК 235-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны