02.04.2007, 18:33 3193

Қазақстанда жыл басынан бері полицейлердің жасаған 92 қылмыс тіркелген

АСТАНА. 2- сәуір. Kazakhstan Today. 2007 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қызметкерлері жасаған 92 қылмыс тіркелген. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ішкі қауіпсіздік департаментінің бастығы Осман-Рүстембек Бижігітов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Осы жылдың бірінші тоқсанында біздің қызметкерлердің тарапынан жасалған әртүрлі 92 қылмыс тіркелген, олардың 47-сі сыбайлас жемқорлық сипаттағы қылмыстар, осы қырық жетінің 20 дерегі - пара алу",- деді Осман-Рүстембек Бижігітов. "Осы жиырма қылмысқа қатысты қылмыстық іс қозғалған, бұл істерге қатысты кейбір қызметкерлер қамауға алынған, кейбіреулері ешқайда шықпау туралы қолхатпен бостандықта жүр",- деп қосты ол. Тағы тоғыз қылмыс есірткімен байланысты.

Сонымен қатар, оның хабарлауынша, үстіміздегі жылдың наурызының ортасында заңсыз әрекеттері бейне таспаға түсірілген Астана қалалық Ішкі істер басқармасының жол полициясының жеті қызметкері жұмыстан шығарылған. "Біздің Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе жасаған түсірілімдеріміз Бас прокуратурамен бекітілген, себебі бізде бұл қызметкерлердің тасжолда көліктерді заңсыз тоқтатқандығы туралы нақты ақпараттар бар болды",- деп түсіндірді Осман-Рүстембек Бижігітов. "Таспада ақша туралы қызметтік емес әңгімелер жазылған, олар тыйым салынғандығына қарамастан ұсталғандардың көліктеріне отырған, оларды қылмыстық жауапқа тарту үшін материалдар жеткіліксіз болды, бірақ қолдағы материалдар оларды жұмыстан шығаруға жеткілікті", - деп түсіндірді департамент бастығы Осман-Рүстембек Бижігітов.

Оның айтуынша, "осы тектес проблемалар Қарағанды облысының Балқаш қаласындағы қызметкерлер үшін де туындаған". "Біз кешелері ғана Қарағандыға бардық, онда Балқаштың қалалық бөлімінің 17 қызметкері тәртіптік жауапқа тартылды, олардың 12-сіне қатысты ішкі істер органының қызметкері атағына сай екендіктері туралы мәселе туындап, жұмыстан шығарылды",- деді Осман-Рүстембек Бижігітов.

Ол, сондай-ақ, департаменттің үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында полицейлердің әрекетіне қатысты азаматтардың 2018 шағымы мен арыздарын қарағандығын хабарлады. "Осы бойынша 584 қызметтік тергеу жүргізіліп, шамамен 500-дей шағым расталды, азаматтардың расталған шағымдары бойынша 53 қылмыстық іс қозғалып, 202 қызметкер тәртіптік жауапқа тартылған, ал 27 қызметкер жұмыстан шығарылған",- деді департамент бастығы Осман-Рүстембек Бижігітов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны