30.09.2009, 13:46 3036

Қазақстанда жыл басынан бері түрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы жемқорлық деректері бойынша 1000-ға жуық ұйғарымдар мен ұсыныстар берді

Қазақстанда жыл басынан бері түрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы жемқорлық деректері бойынша 1000-ға жуық ұйғарымдар мен ұсыныстар берді

Астана. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда жыл басынан бері түрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы жемқорлық деректері бойынша 1000-ға жуық ұйғарымдар мен ұсыныстар берді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Заңнамаға сәйкес қаржы полициясы органдары жеке және заңды тұлғаларға қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтардың жасалуына жағдай жасайтын себептер мен мән-жайларды жою туралы орындалуы міндетті ұйғарымдар мен ұсыныстар беруге құқылы",- деді ол.

М.Жұманбайдың айтуынша, ағымдағы жылдың 8 айында қаржы полициясы органдары түрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 958 ұсыныс жіберді. Олардың 648 ұсынысы қарастырылды.

Ресми өкілдің ақпаратына сәйкес, 572 тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды, олардың 258-не ескерту айтылды, 133-не - сөгіс жарияланды, 64-не - қатаң сөгіс, 49-на - қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескертілді, 5 - лауазымында төмендетілді.

"Қаржы полициясы органдарының ұсыныстары негізінде мемлекеттік органдардан 44 қызметкер жұмыстан шығарылды, 17 тұлға мемлекеттік функцияларды атқарудан босатылды, ал 2 тұлғаға бұндай уәкілеттерді беруден бас тартылды.

Қылмыстық тәжірибедегідей, әкімшілік және тәртіптік тәжірибелелерде де мемлекеттік сатып алулар саласы көш басында",- деді ол.

Қаржы полициясы органдары құрылыс саласындағы қызметті реттейтін лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік әсер ету шараларын жиі қолданады.

Қаржы полициясы органдарының тәжірибесі көрсеткендей, мәдениет саласының құқық бұзушылықтарға бейімдік деңгейі жоғары болып отыр.

Құқық бұзушылықтар бойынша көш басындағы мемлекеттік сатып алу саласынан білім беру саласы да қалмайды.

Қаржы полициясы органдары денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне қатысты құқық бұзушылықтарды жасауға жағдай жасайтын алғышарттарды жою туралы көптеген ұсыныстар жіберген.

Қаржы полициясы органдары құқық бұзушылық жасаған жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдеріне қатысты ұсыныстарды да жіберген.

Қаржы полициясы органдарымен өсімдік және жануарлар әлемін қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған айтарлықтай жұмыс атқарылды.

Жер қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмауға бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Лауазымды тұлғалардың өз функционалдық міндеттеріне салақ қарауы да құқық бұзушылықтардың жасалуына жағдай жасайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны