01.04.2009, 16:59 3154

Қазақстанда жыл басынан бері жалған кәсіпкерліктен келген шығын көлемі 10 млрд теңгеден асты

Қазақстанда жыл басынан бері жалған кәсіпкерліктен келген шығын көлемі 10 млрд теңгеден асты

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жыл басынан бері жалған кәсіпкерліктен келген шығын көлемі 10 млрд. 100 млн. теңгені құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ағымдағы жылы осы санаттағы 52 қылмыс анықталып, 23 қылмыстық іс сотқа жіберілді. Өндіріспен аяқталған қылмыстық істер бойынша белгіленген залал сомасы 10 млрд. 100 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы кезең көрсеткіштерінен 13 есеге (746,8 млн.теңге) артқан",- деді ол.

Оның айтуынша, аталған қылмыстар негізінен салық төлеуден жалтару, ақша қаражаттарын талан-таражға салу және оны заңдастыру, сонымен бірге несиені заңсыз алу мақсаттарында жасалады.

"Жалған кәсіпкерлікпен күрес мақсатында қолданылған ұйымдастыру-тәжірибелік және жедел-қызметтік шаралардың нәтижесінде 2008 жылы қаржы полициясы органдары 360 қылмысты анықтап, 182 қылмыстық істі сотқа жіберді. Бұл көрсеткіш 2007 жылдыкінен 27,3%-ға (143) артқан. Қозғалған қылмыстық істер бойынша анықталған залал сомасы 57 млрд. теңгені құрады",- деді М.Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны