14.05.2007, 16:54 3092

Қазақстанда жыл басынан бері жолдағы апаттардан 59 бала қайтыс болып, 490 бала жарақат алған

АСТАНА. 14 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанда жыл басынан бері жолдағы апаттардан 59 бала қайтыс болып, 490 бала жарақат алған. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің жол полициясы комитетінен хабарлады.

Комитеттен түсіндіріп өткендей, жол оқиғалары мен жараланған балалар санының 31,1 пайызға азаюына қарамастан, қайтыс болған балалардың саны өсіп отыр. "Балалардың жолдағы апаттардан жарақат алу оқиғаларының көбеюі Оңтүстік Қазақстан облысында, Солтүстік Қазақстан облысы мен Астанада байқалып отыр",- деп атап өтті полицейлер. Олардың айтуынша, сондай-ақ балалардың жолдағы апаттардан мерт болуы Ақмола мен Қарағанды облыстарында да айтарлықтай өсіп отыр.

Комитеттің ақпараттарына сүйенсек, жарақаттанудың жоғарғы деңгейі мен өлім-жітім оқиғалары жол ережесін сақтамаған жүргінші балалардың арасында байқалып отыр: олар рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтеді, жолға жүгіріп шығады, жол үстінде ойнайды. "Сонымен қатар балалар зардап шегетін жол-көлік оқиғаларының 70 пайыздан астамы жүргізушілердің кінәсінен болады",- деп хабарлады комитеттегілер.

"Осыған байланысты балалардың қатысуымен болатын жол апаттарының алдын алу мақсатында, қоғам назарын балалардың жол-көлік жарақаты проблемасына аудару мақсатында 14 мен 23-мамыр аралығында ішкі істер министрлігі "Жүргізуші, есте сақтаңыз - жолда балалар" деген ұранмен "Абайлаңыз - балалар" атты онкүндік өткізбек",- деп хабарлады жол полициясының комитетінен.

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, онкүндік аясында көлік жүргізушілерінің арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, "Ең сыпайы жүргізуші", ал жолаушылар тасымалдаумен айналысатын автокөлік кәсіпорындары арасында "Ең үздік жүргізуші" және "Ең үздік автокөлік кәсіпорын" атты жарыс өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, полицейлер жол және коммуналдық органдардың өкілдерімен бірлесе отырып жалпы білім беретін мектептердің маңындағы жаяу жүргіншілер өтетін жолдардағы жол белгілеріне, жолдардағы жолақ сызықтар, жүргіншілерге арналған қоршаулар мен басқа да жол қозғалысын реттеуге арналған техникалық құралдарға тексеру жүргізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны