05.10.2018, 16:52 6820

Қазақстанда жылдыӊ соӊына дейін субсидиялаудыӊ барлық бағыттары толығымен автоматтандырылатын болады

Бүгінгі таӊда, субсидиялаудыӊ 14 бағытыныӊ ішінен ағымдағы жылы тыӊайытқыш бойынша толық автоматтандыру жүргізілді. Онлайн түрде 18,2 млрд. теӊгеге 20 мыӊ электрондық өтінім тапсырылды. 17,1 млрд. теӊге сомасына өтінімдер төленді. Ақпараттарды тексеру автоматты түрде жүзеге асырылып, қарастыру мерзімі 1 күнді құрады.

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Субсидиялау процестерін автоматтандыру өтінімдерді қарастыру мерзімін 2,5 есеге қысқартып, жемқорлық тәуекелділікті төмендетеді.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев мәлімдеді.

АӨК-ді дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеӊберінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізуде, оныӊ ішінде субсидия беру процестері де бар.

Бүгінгі таӊда, субсидиялаудыӊ 14 бағытыныӊ ішінен ағымдағы жылы тыӊайытқыш бойынша толық автоматтандыру жүргізілді. Онлайн түрде 18,2 млрд. теӊгеге 20 мыӊ электрондық өтінім тапсырылды. 17,1 млрд. теӊге сомасына өтінімдер төленді. Ақпараттарды тексеру автоматты түрде жүзеге асырылып, қарастыру мерзімі 1 күнді құрады.

Таяу уақытта, дайындық жұмыстарынан кейін, басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығыныӊ шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарыныӊ және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардыӊ құнын субсидиялауды автоматтандыру жоспарлануда.

Жылдыӊ соӊына дейін субсидиялаудыӊ қалған бағыттары толығымен автоматтандырылатын болады. Бұл, өтінімдерді қарастыру мерзімін 2,5 есеге қысқартып (18-ден 7 күнге дейін) және жемқорлық тәуекелділікті төмендетеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандырудыӊ маӊызды сәттерініӊ бірі осы процестен Субсидиялар қаражатын бөлу жөніндегі комиссияларды алып тастау болып табылады.

Осы шара субсидиялау процесіне лауазымды адамдардыӊ араласуын алып тастайды, тиісінше, ондағы сыбайлас жемқорлық құрылымын мәнді төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ комиссиялардыӊ құрамын құру мен бекітуге, оныӊ отырыстарын дайындауға, ұйымдастыруға және өткізуге, комиссиялардыӊ шешімдерін дайындау мен оған қол қоюға уақыт шығыстарын алып тастау есебінен мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері қысқарады.

Субсидиялау процестерін автоматтандыру осы процеске тартылған тараптардыӊ, оныӊ ішінде жекелеген лауазымды адамдардыӊ жауапкершілігін дербес етуге мүмкіндік береді, өйткені жүйедегі әрбір іс-қимыл қаралатын және жүйеге қатысушы ЭЦҚ қоюымен расталатын болады.

Сондай-ақ субсидиялау процестерін автоматтандыру процесті бақылау мен мониторингілеуді нақты уақыт режимінде жүргізуге мүмкіндік береді. Яғни, фермер өзі тапсырған өтінімді өтінімдер тізімінен нақты уақыт режимінде көре алады.

Бұл ретте, деректерді жинау мен өӊдеу бойынша процестерді автоматтандыру субсидиялау процестеріне тартылған тараптар арасында әртүрлі есептіліктер ұсыну қажеттілігін алып тастайды, бұл олардыӊ арасындағы, оныӊ ішінде орталық және жергілікті басқару органдары арасындағы артық құжат айналымыныӊ төмендеуіне әсерін тигізеді. Сонымен қатар, адами факторларға байланысты есептік деректердегі қателіктер мен сәйкессіздіктер саны төмендейді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылар үшін автоматтандырудыӊ оӊ жақтарыныӊ бірі Интернет желісі арқылы барлық операцияларды жүйеде жүргізіп, сондай-ақ мемлекеттік қызметтік көрсетудіӊ жалпы процесін нақты уақыт режимінде бақылай отырып, ХҚКО-ға немесе қандайда бір басқа органдарға бару қажеттілігін алып тастау болып табылады. Бұл, өз кезегінде, уақыт шығыстарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны