21.05.2013, 10:35 4754

Қазақстанда жолдарды басқаратын ұлттық оператор құрылады

Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевтің хабарлауынша, Көлік және коммуникация министрлігі салынып жатқан жолдардың сапасын көтеру мақсатында саланы басқару жүйесін өзгертуді көздеп отыр.

Астана. 21-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда жолдарды басқаратын ұлттық оператор құрылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевтің хабарлауынша, Көлік және коммуникация министрлігі салынып жатқан жолдардың сапасын көтеру мақсатында саланы басқару жүйесін өзгертуді көздеп отыр.

"Біз саланы басқару құрылымын өзгерту мақсатында арнайы заң жобасын әзірлеп шықтық. Ол бойынша, республикалық маңызы бар жолдар, мердігерлерді таңдау функциясы, ақылы жолдар мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру міндеті "Қазавтожол" ұлттық операторына беріледі", - деді ол үкіметтің сейсенбідегі отырысында.

Министрдің айтуынша, реформа шеңберінде салынып жатқан жолдардың сапасын бақылау шетелдік инженерлік қызмет мекемелеріне беріледі. Автокөлік жолдары комитеті стратегиялық жоспарлау, нормативтік және ғылыми қамсыздандыру функциясына ие болмақ.

"Осылайша, еліміздегі автокөлік жолдарының бәрі "Халықаралық инженер-консультанттар федерациясының" (FIDIC) негізгі қағидалары бойынша салынады. Бұл Қазақстанда төселетін жолдардың сапасын жақсартады", - деді А.Жұмағалиев. "Бұл реформа аталған саланы басқаратын шенеуніктер санын 224 адамға дейін қысқартуға мүмкіндік береді" деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны