09.07.2014, 22:54 3234

Қазақстанда жолдарды жазғы күтіп-баптау жұмыстары басталды

"Қазіргі таңда барлық филиалдарда жол белгілерін орнату, сырлау, жол белгілері бағаналарын орнату, жол бойының тазалығын қадағалау, жол бойындағы демалыс орындарын ретке келтіру жұмыстары атқарылуда", - делінген хабарламада.

Алматы. 9 шілде. Kazakhstan today. "Қазақавтожол" РМК облыстық филиалдары республикалық маңызы бар жолдарды жазғы күтіп-баптау жұмыстарына кірісті, "Қазақавтожол" РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазіргі таңда барлық филиалдарда жол белгілерін орнату, сырлау, жол белгілері бағаналарын орнату, жол бойының тазалығын қадағалау, жол бойындағы демалыс орындарын ретке келтіру жұмыстары атқарылуда", - делінген хабарламада.

Барлық республикалық жолдарда жол жөндеу мен айырым белгілерін жүргізу, демалыс тұрақтарын жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Биылғы жылғы ой-шұңқыр жөндеу жоспары 956016 шаршы метр болса, жоспар артығымен орындалып, бүгінгі таңға 971369 шаршы метр жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. 8272 дана жол белгілерін орнату жоспарланған болса, бұл да артығымен орындалып, 8328 дана жол белгілері жаңадан орнатылды. Жол бойындағы шақырымдық көрсеткіш белгілері де жоспардағы 1107 дананың орнына 1119 дана, белгі беретін бағаналар 12556 дананың орнына 13182 дана орнатылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны