22.04.2010, 14:20 4174

Қазақстанда жүктіліктің бастапқы кезеңдерінде генетикалық сараптаманы белсенді пайдалану ниеті бар

Қазақстанда жүктіліктің бастапқы кезеңдерінде генетикалық сараптаманы белсенді пайдалану ниеті бар

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда жүктіліктің бастапқы кезеңдерінде түрлі ауру-сырқатқа бейімдікті тексеру үшін генетикалық сараптаманы белсенді пайдалану ниеті бар. Қазақстанның үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін ҚР Ұлттық биотехнологиялар орталығына бару қорытындысы бойынша осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстанның Денсаулық сақтау саласын дамыту жоспарында генетикалық сараптаманы ескеру қажет", - деді Кәрім Мәсімов Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке қаратып айтқан сөзінде.

"Бала дүниеге келмей тұрып оның қандайбір ауруға бейімдігін немесе аурушаңдығын анықтауға болады. Бұл әрине біздің ділімізге жаттау дүние.. Бірақ дегенмен бұл мәселе бойынша белсенді жұмыс істеу қажет. Және насихат әрі алдын алу тұрғысынан да кеңінен енгізген жөн", - деді премьер.

Оның пікірінше, Қазақстандықтар бала тумай тұрып оның қандай ауруға шалдығуы мүмкіндігін білуі және аурулардың алдын ерте бастан алуға мүмкіндігі болуы қажет.

"Осындай ғылыми зерттеулерді нақты тәжірибемен ұштастырудың маңызы аса зор", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны