04.09.2012, 13:48 3205

Қазақстанда жұмыспен қамту бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерде 140 мектеп пен 12 кәсіби лицей жөндеуден өткізілді

ҚазАқпарат агенттігінің ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының төртінші бағыты бойынша шараларды қаржыландыруға республикалық бюджетте 2012 жылға 10 000 млн. теңге көлеміндегі қаражаттар қарастырылған.

Астана. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда жұмыспен қамту бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерде 140 мектеп пен 12 кәсіби лицей жөндеуден өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының төртінші бағыты бойынша шараларды қаржыландыруға республикалық бюджетте 2012 жылға 10 000 млн. теңге көлеміндегі қаражаттар қарастырылған.

Аталған қаражат есебінен коммуналдық-инженерлік, инженерлік-көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының ағымдағы, күрделі жөндеу жұмыстары және елді мекендерді абаттандыру бойынша 565 жобаның іске асырылуы жоспарланған.

Бұл нысандарда ауылдық жерлерде 7 559 қосымша жұмыс орнын ашу және оларда 4 мыңдай бағдарлама қатысушыларын жұмысқа орналастыру шамалануда.

Есеп беру мерзімінде 5 187 млн. теңге игерілген, 6 163 жұмыс орны ашылған, оларда 6 065 адам (3921-і - бағдарлама қатысушылары) жұмысқа тұрғызылған.

Іске асырылып отырған жобалардың жалпы санынан білім нысандарына 176-сы тиесілі, соның ішінде 140 мектеп, 24 балабақша және 12 кәсіби лицей бар.

Аталған жобаларда 2 580 жұмыс орны ашылған, оларда 2568 адам жұмысқа тұрғызылды, соның 1 383-і - бағдарлама қатысушылары.

Білім нысандарын ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізуге 3 500 млн. теңге бөлінді, 1 қыркүйекке қарсы 152 жоба аяқталды.

Қалған 24 жоба білім нысандарының инженерлік құрылыстарының (қазандықтар, жылылық өтетін жолдар, кәріз жүйелері) жөнделуіне жіберіліп, ұйымдастырылған жаңа оқу жылына кедергі келтірмейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны