27.04.2017, 17:09 6605

Қазақстанда журналистика саласына арналған тұӊғыш ұлттық "Үркер" сыйлығы жарияланды

"Биылғы жылы отандық телевизияныӊ үздіктері "Тұмар" сыйлығымен марапатталғаны белгілі. Осы орайда біз басқа БАҚ өкілдерініӊ еӊбегін де ескергенді жөн көрдік. Сонымен, баспа, радио- және интернет журналистика саласына арналған тұӊғыш ұлттық "Үркер" сыйлығын жариялаймыз", - деді министр өзініӊ Facebook парақшасында.

Астана. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда журналистика саласы бойынша ұлттық сыйлық тағайындалды.

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев баспа, радио- және интернет журналистика саласына арналған тұӊғыш ұлттық "Үркер" сыйлығын жарияланғанын айтты.

Басты мақсат - талантты журналистер мен сапалы медиа-жобаларға қолдау көрсету.

"Биылғы жылы отандық телевизияныӊ үздіктері "Тұмар" сыйлығымен марапатталғаны белгілі. Осы орайда біз басқа БАҚ өкілдерініӊ еӊбегін де ескергенді жөн көрдік. Сонымен, баспа, радио- және интернет журналистика саласына арналған тұӊғыш ұлттық "Үркер" сыйлығын жариялаймыз", - деді министр өзініӊ Facebook парақшасында.

Оныӊ айтуынша, сыйлық 15 аталым бойынша беріледі. Журналистиканыӊ дәстүрлі салаларымен қатар, "үздік фотосурет", "Қазақстан туралы еӊ үздік танымдық материал" және "Қазнеттегі медиа серпіліс" сияқты бағыттар қамтылады.

Байқауға өтініш 7 мамырдан бастап el.kz сайтында қабылданады, сыйлыққа қатысты егжей-тегжейлі ақпарат та сонда болмақ. Салтанатты марапаттау журналистердіӊ кәсіби мерекесі қарсаӊында ұйымдастырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны