17.06.2013, 11:20 2969

Қазақстанда жүзу маусымының ашылуы алдында 4 мыңнан астам су қоймасы тексерілген

"Жүзу маусымы ашылуының алдында алдын ала жүзуге және демалуға пайдаланылатын 4 мыңнан астам су қоймасының инвентаризациясы жасалды, қауіпті заттардың бар-жоқтығын тексеру үшін су қоймасының түбінде су асты жұмыстары жүргізілді, жүзуге жарамды 535 демалыс аймағы анықталған", - деді А.Советов.

Астана. 17-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда жүзу маусымының ашылуы алдында 4 мыңнан астам су қоймасы тексерілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті директорының орынбасары Алексей Советов мәлім етті.

"Жүзу маусымы ашылуының алдында алдын ала жүзуге және демалуға пайдаланылатын 4 мыңнан астам су қоймасының инвентаризациясы жасалды, қауіпті заттардың бар-жоқтығын тексеру үшін су қоймасының түбінде су асты жұмыстары жүргізілді, жүзуге жарамды 535 демалыс аймағы анықталған", - деді А.Советов.

Сонымен қатар, ТЖМ өкілінің айтуынша, су қоймаларының жанында орналасқан 200 балалар лагері ерекше бақылауға алынған.

Айта кету керек, еліміздің су қоймаларында азаматтардың өлім-жітіміне жол бермеу үшін, әсіресе 2013 жылдың жүзу маусымында, министрлік 58 су-құтқару станциясының жеке құрамын, 22 құтқару бекетін, 7 оңтайлы-іздестіру тобын және су-құтқару қызметтерінің 13 авариялық-құтқару отрядын даярлап қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны