10.08.2018, 23:43 3772

Қазақстанда зымырын-ғарыш қызметі аймағында топырақты уытсыздандырудыӊ бірегей технологиясы әзірленді

Қазақстанда зымырын-ғарыш қызметі аймағында топырақты уытсыздандырудыӊ бірегей технологиясы әзірленді, қоршаған орта нысандарын зерттеу нәтижесінде оныӊ жоғары тиімділігі анықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне бірген сұхбатында "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорныныӊ бас директоры Жайлаубай Жұбатов хабарлады.

Алматы. 10 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда зымырын-ғарыш қызметі аймағында топырақты уытсыздандырудыӊ бірегей технологиясы әзірленді, қоршаған орта нысандарын зерттеу нәтижесінде оныӊ жоғары тиімділігі анықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне бірген сұхбатында "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорныныӊ бас директоры Жайлаубай Жұбатов хабарлады.

"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы НДМГ (несимметричный диметилгидразин - симметриялық емес диметилгидразин) басқаша айтқанда, зымыран отыны - гептилмен және оныӊ химиялық трансформациялану өнімдерімен ластанған топырақты құрамдастырылған әдіспен уытсыздандырудыӊ технологиялық регламентін әзірледі. Бұл ретте топырақты зымыран отыныныӊ құрамдас бөліктерінен зарарсыздандыру технологиясы тұрақты жетілдіріле түсуде. Топырақты зымыран отыны - Т-1 керосинінен тазарту үшін 2014 жылы топырақ микроорганизмдерініӊ аборигендік штаммдарын қолданатын биологиялық тәсілге негізделген зарарсыздандыру әдісі ойлап табылды. Қазақстанда бекітілген "Симметриялық емес диметилгидразинмен уланған топырақты уытсыздандырудыӊ технологиялық регламенті" мен "зымыран отыны - Т-1 керосинімен уланған топырақты уытсыздандырудыӊ технологиялық регламенті" тәжірибе жүзінде қолдану үшін Ресей тарапына жолданды", - деді Ғылыми-зерттеу орталығы ныӊ басшысы.

Оныӊ хабарлауынша, бұған қоса, 2011 және 2017 жылдар аралығында "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы мынадай заттардыӊ өлшемдерін жүргізудіӊ 8 әдістемесін әзірлеп шығарды: сүттегі және топырақтағы симметриялық емес диметилгидразинді, сондай-ақ, топырақтағы оныӊ химиялық трансформациялану өнімдерін (нитрозодиметиламин, тетраметилтетразен, 1-метил-1Н-1,2,4-триазол, диметилформамид, диметиламин және формальдегид).

"Қоршаған орта нысандарынан алынған сынамаларды көп жылдар бойы сандық химиялық талдау көрсетіп отырғандай, позициялық ауданда қалыпты жағдайдағы ұшырылымдар кезінде зымыран отыныныӊ құрамдас бөліктерініӊ мөлшері белгіленген нормалардыӊ шегінде екені анықталды. Ал құлау аймақтарына келсек, зымыран тасығыштыӊ бөлінетін бөліктері құлаған ауданда біздіӊ Жезқазғандағы өкілдік мамандарыныӊ қатысуымен ауадағы зымыран отыны құрамдас бөліктерініӊ мөлшерін экспресс-талдау және қоршаған орта нысандарынан, топырақтан, судан, өсімдіктерден сынамалар алу жүргізіледі. Бұл сынамалардыӊ құрамында гептил (НДМГ), нитрозодиметиламин (НДМА), нитрат және нитрит иондарыныӊ бар-жоқтығы тексеріледі және рН анықталады. Топырақта гептил концентрациясыныӊ шектелген мөлшерден артқандығы анықталған жағдайда Ресей тарапыныӊ күшімен уытсыздандыру жұмыстары жүргізіледі және бұдан әрі аталған учаске бақылауға алынады. Зымыран-ғарыштық іс-қызметтіӊ экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп отырған жұмыстардыӊ нәтижелері "Байқоӊыр" ғарыш айлағынан зымыран-тасығыштардыӊ ұшырылымдары қалыпты жағдайда жүзеге асырылғанда елдімекендердіӊ қоршаған орта нысандарындағы зымыран отыныныӊ құрамдас бөліктерініӊ мөлшері шектеулі концентрацияныӊ төӊірегінде қалады деп айтуға мүмкіндік береді", - деді Жұбатов.

Бұған қоса, "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығыныӊ бас директоры Қазақстан және Ресей ғалымдарыныӊ жүргізіп келе жатқан көп жылдар бойғы мониторингініӊ нәтижесінде зымыан-тасығыштарды ұшыруға байланысты ластаулардыӊ тұрғындар денсаулығына тікелей әсер ететіндігі дәлелденбегенін жеткізді. Су, топырақ, өсімдіктер мен ет-сүт өнімдерініӊ зерттелген нысандарынан гептилмен ластанудыӊ бірде-бір оқиғасы анықталмаған.

"2015-2018 жылдары Байқоӊыр қаласы, Қармақшы ауданындағы Ақай ауылы мен Төретам және Қазалы кентінде, Сарыбұлақ және Сортүбек ауылдарында, сондай-ақ, 2013 жылы "Протон-М" зымыран-тасығышы апатқа ұшыраған ауданға жапсарлас жатқан салыстыру мақсатындағы Ийтеке би кентінде қоршаған орта бағаланды, ресми статистикалық мәліметтер бойынша демографиялық ахуал мен тұрғындардыӊ денсаулық жағдайы талданды, тұрғындардыӊ денсаулық ахуалына скрининг жүргізілді және тұрғындардыӊ денсаулық жағдайы мен апатқа байланысты болуы мүмкін қолайсыз факторлардыӊ арасындағы себеп-салдарлық байланыстар сараланды. Нәтижесінде, зерттелген елдімекендерден гептил мен оныӊ трансформациялану өнімдері табылған жоқ. Бұл аудандағы медициналық- демографиялық ахуал тұрлаулы қалыпта. Бұл ретте көптеген жылдар бойғы бақылаулардыӊ нәтижесінде зымыран тасығыштыӊ апаты болғанда тұрғындарға негізінен психоэмоциялық фактор әсер ететіні анықталды, ондайда адамдар денсаулығы үшін алаӊдап медициналық мекемелерге жүгінген кезде апатқа байланысы жоқ түрлі аурулар анықталады. Бұдан кейінгі жылдарда көрсеткіштердіӊ апатқа дейінгі тұрақты деӊгейге дейін біртіндеп төмендеу оқиғасы байқалып отыр. Қоршаған орта нысандары химиялық уланбаған жағдайда мұндай динамика ауру деӊгейіне ғарыштық мақсаттағы зымыранныӊ апатына байланысты психоэмоциялық, яғни стресс факторы ықпал ету мүмкіндігі туралы үлкен ықтималдықпен жорамал жасауға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, Жұбатовтыӊ айтуынша, "Ғарыш-экология" мамандарыныӊ қатысуымен зымыран-ғарыштық техниканы пайдалану кезіндегі экологиялық зардаптарды жою жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, мұндай жұмыстар 2006 жылғы РС-20 "Днепр" құрлықаралық баллистикалық зымыранныӊ зымыран-тасығышы мен 2007 және 2013 жылдардағы "Протон-М" зымыран-тасығышыныӊ апаттары кезінде жүргізілді. Бұл жұмыстардыӊ барлығы зымыран отыныныӊ құрамдас бөлшектерімен ластану деӊгейін анықтау үшін жүргізілуде. Тиімді бағалау мақсатында қоршаған табиғи орта нысандарындағы олардыӊ қауіпсіз мөлшерініӊ нормативтері белгіленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны