27.01.2017, 18:53 3902

Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық уәкілдігі "Хьюи" тікұшағын ҚР Қорғаныс министірлігіне пайдалануға береді

Бүгін Қазақстандағы АҚШ уәкілдігі 7 миллион АҚШ доллары көлеміндегі Huey II (Хьюи) тікұшағын ҚР-ныӊ Қорғаныс министірлігіне қолданысқа тапсырды.

Астана. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстандағы АҚШ уәкілдігі 7 миллион АҚШ доллары көлеміндегі Huey II (Хьюи) тікұшағын ҚР-ныӊ Қорғаныс министірлігіне қолданысқа тапсырды.

Бұл АҚШ-тыӊ Халықаралық әскери сату бағдарламасыныӊ шеӊберінде Қазақстанға пайдалануға берілген төртінші тікұшақ болып табылады. Ұсыну рәсімі Алматы қаласында АҚШ Елшісі Джордж Крол, АҚШ Бас консулы Марк Муди, АҚШ Искери атташе полковник Рон Хоган және де Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министірлігініӊ басшылығыныӊ қатысуымен өтті.

Бұл жоба АҚШ пен Қазақстан Қорғаныс министірліктердіӊ арасындағы бірлескен ынтымақтастық шеӊберінде жүзеге асырылды. АҚШ ұшу аппаратыныӊ корпусын тапсырып, тікұшақты Хьюи II моделіне дейін жаӊартуына қаржылай көмек көрсетті. Хьюи тікұшағы АҚШ пен шет елдерінде осы күнге дейін пайдаланылып келетін еӊ сәтті авиациялық бағдарламасыныӊ бірі болып табылады. Тікұшақтыӊ жаӊа моделі аса қуатты және өте икемді, әрі заманауи авиациондық электроникамен және құтқару құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Тікұшақ халықаралық жаттығулар, медициналық эвакуация және басқа да қорғаныс миссияларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

"Біз Қазақстанмен қорғаныс сұрақтары бойынша орнаған ынтымақтастықты мақтан тұтамыз. Қазақстан аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маӊызды серіктес болды. Жаӊа тікұшақ Қазақстанныӊ қорғаныс күштеріне қауіпсіздікті нығайтуға және жаттығуларды орындауда әскери күш-қуатын арттыруға мүмкіндік береді", - деді АҚШ Елшісі Джордж Крол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны