22.10.2009, 18:09 3346

Қазақстандағы АҚШ елшілігі құқық қорғаушы Жовтиске қатысты іс бойынша Алматы облыстық сотының шешіміне қынжылыс білдіреді

Қазақстандағы АҚШ елшілігі құқық қорғаушы Жовтиске қатысты іс бойынша Алматы облыстық сотының шешіміне қынжылыс білдіреді

Астана. 22 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстандағы АҚШ елшілігі құқық қорғаушы Жовтиске қатысты іс бойынша Алматы облыстық сотының шешіміне алаңдаушылық білдіреді, деп хабарлайды Kazakhstan Today елшіліктің таратқан мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, "Қазақстандағы АҚШ елшілігі 20 қазанда Талдықорғанда Алматы облыстық сотының Адам құқықтары жөніндегі бюроның директоры Евгений Жовтистің абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу ісіне қатысты үкімді күшінде қалдырып, оны төрт жыл мерзімге бас бостандығын айыруды ұйғарғанын қынжылыспен қабылдады. Қыркүйек айында болған алғашқы сот инстанциясындағы сот тыңдауынан кейін процессуалдық ережелердің бұзылғандығы туралы сенім туғызатын болжамдар айтылған еді, алайда аппеляциялық тыңдау кезінде оларды түзету мүмкін болмады".

"Біз Қазақстанның мемлекеттік органдарын осы іске байланысты алда болатын қадағалау ісін Қазақстан Республикасының заңдарына және оның халықаралық сот ісін жүргізу стандарттарын орындау туралы міндеттемелеріне толық сәйкестендіріп жүргізуге табанды түрде шақырамыз",- делінген мәлімдемеде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны