28.02.2007, 12:55 3414

Қазақстандағы базалық зейнетақы 2008 жылдан бастап 35 пайызға өседі - президент

АСТАНА. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстандағы базалық зейнетақы 2008 жылдың қаңтарынан бастап 35 пайызға өседі. Бұл туралы бүгін парламент палаталырының отырысындағы халыққа арнаған жолдауында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

"Базалық зейнетақы көлемі өседі. Алдағы жылдары оның ең төменгі күн көріс деңгейінің 40 пайыздық деңгейін сақтауды қамтамасыз ету қажет. Ал бұрын бізде ол 28% болған. Бұл 1 млн 675 мың базалық зейнетақы алушыларға қатысты болып отыр. Оның көлемі 2008 жылы шамамен 1 мың теңгеге немесе 35 пайызға өседі",- деді президент. "Сондықтан, біз Қазақстанда бірінші рет зейнетақымен қамтамасыз етудің халықаралық стандарттары деңгейіне жетеміз",- деп атап өтті ол.

Нәтижесінде, президенттің сөздеріне сүйенсек, "базалық және ең төменгі солидарлық (зейнетақы) төлем мөлшері 2008 жылы 1,5 мыңға немесе 15 пайызға өседі".

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев "зейнетақы төлемдерін индексациялауды сақтай отырып, оны тұтынымдық баға индексінің болжамдық өсімінен 2 пайызға асыра төлеп отыру қажет" екендігін атап өтті.

"Зейнетақы бойынша аталмыш іс-шараны жүргізуге қажетті жалпы бюджет қаржысы 55,3 млрд теңгені құрайды",- деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны