09.10.2018, 12:47 4391

Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігініӊ жаӊа басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын табыс етті

Елші Свен-Олов Карлссон президент Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын табыс етіп, Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігініӊ басшысы қызметіне ресми кірісті.

Астана. 9 қазан. Kazakhstan Today - Елші Свен-Олов Карлссон президент Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын табыс етіп, Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігініӊ басшысы қызметіне ресми кірісті.

Сенім грамоталарын тапсыру ресми рәсімі мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін Елші Свен-Олов Карлссон БАҚ өкілдеріне былай деп мәлімдеді: "Біздіӊ дипломатиялық қарым-қатынастарымыздыӊ 25-жылдығында Қазақстандағы ЕО өкілдігініӊ басшысы ретінде қызметке кірісу мен үшін аса зор мәртебе. Мен аталған тағайындалуды ЕО пен Қазақстан арасындағы табысты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мүмкіндігі, әрі Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы Кеӊейтілген әріптестік пен ынтымақтастық жөніндегі жаӊа келісімді іске асыруға ат салысу қадамы ретінде қарастырамын. Қазақстан ЕО-мен осындай Келісімге қол қойған Орталық Азияныӊ тұӊғыш мемлекеті болып табылады".

2015 ж. 21 желтоқсанда Астанада Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы Кеӊейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге (КИЫК) қол қойылды. Аталған жаӊа келісім Еуропалық Одақтыӊ орталықазиялық әріптестерініӊ бірімен жасасқан тұӊғыш бірегей келісім болып табылады. Ол ЕО мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарды жаӊа деӊгейге көтеріп, саяси және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға айтарлықтай үлесін қосуда.

Елші Карлссон Еуропалық Одақ пен Қазақстанныӊ халықаралық саясат алаӊындағы саясатыныӊ өзара үйлесімділігін атап өтті: "Еуропалық Одақ әлемдегі еӊ ірі еркін сауда аймағы ғана емес. ЕО-ныӊ жаӊа Жаһандық Стратегиясы жаһандық деӊгейде қауіпсіздік пен қорғаныс, басқару пен даму, энергетика мен қоршаған ортаны қорғау салаларында біздіӊ іс-қимылымызды қарқындатады. Қазақстанныӊ жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі артып келеді. Сирия бойынша Астана процессі, Иран ядролық бағдарламасы бойынша кеілісімге қатысты мәселені шешудегі іс-қимылдар мен Қазақстанныӊ БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесіндегі белсенді рөлі- осыныӊ барлығы ауқымды Орталық Азия мен Ауғанстан өӊірінде тұрақтылық пен дамуды ілгерлетуді қамтамасыз етудегі біздіӊ ортақ мүдделер мен мақсаттарымызға жауап береді".

Сенім грамоталарын тапсырудыӊ ресми рәсімі Қазақстан Республикасы Президентініӊ резиденциясы Ақордада өтті. Салтанатты рәсімге Ж.М. Карлссон мырзамен бірге жұбайы Мария Антониетта Вантаджато ханым мен ЕО Өкілдігініӊ Саясат бөлімініӊ Басшысы Золтан Салаи мырза қатысты.

Анықтама

Еуропалық Одақ дипломатия, сауда, даму үшін көмек көрсету және халықаралық ұйымдармен жұмыс саласында маӊызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта бүкіл әлемде ЕО-ныӊ 140 өкілдіктері мен кеӊселері Еуропалық Одақ және оныӊ азаматтары атынан жаһандық деӊгейде өкілдік етуде. ЕО өкілдіктері ЕО сыртқы саясатын ұсыну, түсіндіру және іске асыруда негізгі рөлді атқарып, белгіленген құзыретіне сәйкес ынтымақтастықты нығайту мен дамытуға үлесін қосуда.

2018 жылы 2 ақпанда Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардыӊ орнағанына 25 жыл толды. Оныӊ іргетасы 2015 жылғы 21 желтоқсанда қол қойылған ЕО пен ҚР арасындағы Кеӊейтілген әріптестік және ынтымақтастық келісімі (КИЫК) болып табылады. КИЫК-ніӊ негізгі бөлімдері 2016 жылдыӊ 1 мамырынан бастап уақытша тәртіпте жүзеге асырыла бастады. Келісім 29 саладағы ықпалдастық аясын кеӊейтіп, ЕО пен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау және климаттыӊ өзгеруі, жұмыспен қамту, еӊбек қатынастары, мәдениет, білім және ғылыми зерттеу салаларындағы ықпалдастыққа жол ашты. 1991-2014 жж. аралығында ЕО Қазақстанда жалпы сомасы 180 млн еуро құрайтын 350-ден астам жобаны тікелей қаржыландырды. Бұл жобалар ҚР Үкіметініӊ әр түрлі министрліктері, ведомстволары мен комитеттеріне саяси кеӊес және техникалық көмекке бағытталды.

Биографиялық ақпарат:

Елші Свен-Олов Карлссон - жоғары білікті швед дипломаты, Еуропалық Одақ мекемелерінде қомақты тәжірибе жинақтаған. Өзініӊ кәсіби мансабы барысында Карлссон мырза Швеция Сыртқы істер министрлігінде (1992-1996 жж.), Еуропалық Комиссияныӊ Швециядағы Өкілдігі Басшысыныӊ орынбасары (1996-1998 жж.), Еуропалық Комиссияныӊ мекемелеріндегі бірнеше басқарушы лауазымдарында, және Еуропалық сыртқы істер кызметініӊ Ресей жөніндегі басқарма Басшысыныӊ орынбасары (2009-2013) қызметтерін атқарды. Қазақстанға келуден бұрын 2013-2018 жж. аралығында Ресейдегі ЕО Өкілдігі Басшысыныӊ орынбасары қызметін атқарды. Елші Карлссон Уппсала Университетініӊ (Швеция) славянтану және бизнестік басқару мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесін иеленуде. Өзініӊ ана тілі - швед тіліне қоса, ағылшын, орыс, итальян, француз, неміс, поляк және дат тілдерін еркін меӊгерген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны