07.04.2014, 19:49 3324

Қазақстандағы қазақ күресі бойынша тұңғыш спорт клубы Таразда пайда болады

Жамбыл облысының әкімдігінен хабарлағандай, "Қазақ күресі" клубы ұлттық спорт түрін насихаттауға бағытталған. Жаңа спорттық клуб қазақ күресі бойынша ҚР-ның жеке мүшелері мен кандидаттарын дайындайды. Оған қоса, енді жамбылдық спортшылар барлық республикалық және халықаралық шараларға қатыса алады.

Алматы. 7 сәуір. Kazakhstan today. Таразда қазақ күресі бойынша тұңғыш спорт клубы ашылады.

Жамбыл облысының әкімдігінен хабарлағандай, "Қазақ күресі" клубы ұлттық спорт түрін насихаттауға бағытталған. Жаңа спорттық клуб қазақ күресі бойынша ҚР-ның жеке мүшелері мен кандидаттарын дайындайды. Оған қоса, енді жамбылдық спортшылар барлық республикалық және халықаралық шараларға қатыса алады.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Жамбыл облысында қазақ күресімен 1300 спортшы айналысып, 51 бапкер жаттықтырушы қызметінде жұмыс істейді.

Еске салсақ, өткен жылы Таразда қазақ күресі бойынша "Еуразия барысы" өтті, Қазақстан бұл додада Моңғолияны артқа тастап бас жүлдеге ие болған. Жамбыл облысының азаматы Бейбіт Ыстыбаев турнирдің соңғы сайысында жеңісті қанжығаға салды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны