22.04.2008, 17:29 3238

Қазақстандағы кейбір тергеу изоляторларындағы ахуал БҰҰ-ның минималды стандартына сәйкес келмейді

Қазақстандағы кейбір тергеу изоляторларындағы ахуал БҰҰ-ның минималды стандартына сәйкес келмейді

Астана. 22-сәуір. "Қазақстан Бүгін " - Қазақстандағы кейбір тергеу изоляторларындағы ахуал 1955 жылғы БҰҰ-ның бірінші Конгресінде қабылданған сотталғандармен қарым-қатынас жасау ережесінің минималды стандартына сәйкес келмейді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының алқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды агенттік ҚР Бас прокуратурасының абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР Бас прокуратурасында 2007 жылғы ҚР Иділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу абақтылары қызметіндегі заңдылықтың жай-күйін талдау нәтижелерін қарау мәселесі жөнінде алқа мәжілісі өтті.

Онда атап көрсетілгеніндей, біріншіден, кейбір мекемелердің ғимараттарының техникалық жағдайы нашар. Олар апаттық жағдайда немесе түбегейлі қайта салуды қажет етеді.

Мәселен, Өскемен және Семей қалаларының кейбір тергеу оқшаулау орнының ғимараттары 1720 және 1773 жылдары салынған, сараптамалық жұмыстар қорытындысы бойынша олар пайдалануға жарамсыз деп танылды. Сондықтан да аталған ғимараттардағы сотталғандардың және қызметкерлердің денсаулығы мен өмірлеріне қауіп төндіреді деп танылды.

Кейбір мекемелер инженерлік-техникалық құралдармен тиісті қамтамасыз етілмегендіктен, сотталғандар жасайтын қылмыстардың алды уақытылы алынбайды, сонымен қатар қызметкерлер және тергеу оқшаулау орнына барып тұратын адамдардың жеке қауіпсіздігінің деңгейі төмендеп келеді.Одан басқа, көрсетілген себептерге байланысты тыйым салынған заттардың еніп кету арналары жабылмай отыр.

Талдауды қарау нәтижесі бойынша Бас прокуратура ҚР Иділет министрлігі атына заң бұзушылықты жою жөнінде ұсыныс енгізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны