19.05.2009, 12:06 1305

Қазақстандағы оқу орындарында есірткінің еркінде кету тәуекелдеріне психологиялық тестілеу жүргізетін компьютерлік бағдарламалар енгізіледі

Қазақстандағы оқу орындарында есірткінің еркінде кету тәуекелдеріне психологиялық тестілеу жүргізетін компьютерлік бағдарламалар енгізіледі

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы оқу орындарында есірткінің еркінде кету тәуекелдеріне психологиялық тестілеу жүргізетін компьютерлік бағдарламаларды енгізбек ниетте. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Оқу орындарында есірткінің, психоактивтік заттардың еркінде кету тәуекелдеріне психологиялық тестілеу жүргізетін компьютерлік бағдарламалар енгізіліп, сынақтан өткізіледі", - деді С. Баймағанбетов. Бұл мақсатқа 18 млн теңге жұмсау жоспарлануда.

Сонымен бірге, оқу орындарын есірткіге қарсы оқыту бағдарламаларымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл барынша заманауи әдістемелерді пайдалана отырып тиімді профилактикалық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Қаржы көлемі - 48 млн жуық теңге.

Министрдің хабарлауынша, бұған қоса, 300-ден астам оқушы оқитын әр мектепте инспектор қызметі енгізіледі. "Біз облыс, Астана және Алматы әкімдері тарапынан 300-ден аса оқушы оқитын әр мектепте полицияның мектептегі инспекторларын енгізу мүмкіндігін қарастырдық", - деді С. Баймағанбетов.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі бейресми ұйымдар жүзеге асыратын есірткіге қарсы әлеуметтік жобалардың санын ұлғайта түсуді ұсынады. Бұл мақсатқа 96 млн жуық теңге бөлінуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны