24.02.2011, 15:46 3687

Қазақстандағы жалақы қарыздарының жартысына жуығы Kuat корпорациясының еншісінде

Қазақстандағы жалақы қарыздарының жартысына жуығы Kuat корпорациясының еншісінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 24 - ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстандағы жалақы қарыздарының жартысына жуығы Kuat корпорациясының еншісінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Қуат" корпорациясының 6,5 мың жұмысшысына еңбекақы берілген. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өмірәлиев мәлім етті.

"Еңбек саласындағы ахуалға жасалынған талдау барысында еліміздегі жалақы бойынша берешектің жартысы "Қуат" корпорациясына тиесілі екен. Мәселен, 2010 жылғы желтоқсан айында осы кәсіпорынның жалақы бойынша берешегі 1,7 млрд. теңгені құраған. Бұл ретте, шамамен 20 мың жұмысшының құқықтарына нұқсан келтірілді",-деді ресми өкіл.

Бас прокуратура осы мәселені шешу мақсатында ел Үкіметімен бірлесіп тиісті шараларды қабылдағанына тоқталған ол: "Атап айтқанда 3 млрд. теңге Үкіметтің резервінен қарастырылды. Себебі "Қуат" корпорациясы Алматыдағы Шығыс айналма жолын салу барысында мемлекеттің пайдасына жер телімдерін сатып алған болатын. Ал қазіргі кезде бұл жер телімдері мемлекеттің балансында",-деді.

Яғни, аталған корпорацияның Шығыс айналма жолының құрылысын салған кезде 3 млрд. теңгеден астам сомадағы шығыстарын өтеу қамтамасыз етілді.

"Енді осы келіп түскен шығыстар өтемақы ретінде "Қуат" корпорациясының жұмысшылары алдындағы берешегін өтеуге бағытталатын болады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қазіргі кезде 6,5 мың жұмысшыға 870 млн. теңгеден астам сомадағы жалақы бойынша берешек өтелді",-деді Ж. Өмірәлиев.

Ал қалған 13,5 мың жұмысшыға еңбекақы бойынша берешек алдағы уақытта толығымен өтелетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны