18.12.2012, 11:10 5113

Қазақстанды 2050 жылға дейін дамытудың жаңа стратегиясы Қазақстанды бәсекеге қабілетті экономика, сенімді әлеуметтік саясат құрудың алғышарттарын жасауға бағыттайды

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы міндет өңірлердің тікелей әрі белсенді қатысуын көздейді. Себебі, олар инвестиция тартудың, инфрақұрылымдарды кеңейту мен жаңғыртудың және жаңа өндіріс орындарын ашудың орталықтары болады.

Астана. 18-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанды 2050 жылға дейін дамытудың жаңа стратегиясы Қазақстанды қазіргі заманғы сын-қатерлерге жауап беретін жаһандық және тұжырымдамалық міндеттерді шешуге және қуатты әрі бәсекеге қабілетті экономика, сенімді әлеуметтік саясат, жоғары технологиялы индустриялдық сектор құрудың алғышарттарын жасауға бағыттайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы міндет өңірлердің тікелей әрі белсенді қатысуын көздейді. Себебі, олар инвестиция тартудың, инфрақұрылымдарды кеңейту мен жаңғыртудың және жаңа өндіріс орындарын ашудың орталықтары болады.

"Ең алдымен, мемлекеттік органдардың өңірлік даму саласындағы жұмыстарын үйлестіруді күшейту қажет. Міндет - мемлекеттік және салалық барлық бағдарламалардың орындалуын өңірлерді дамытудың басымдыққа ие міндеттерін шешумен үйлестіру. Үкімет 2013 жылдың бірінші тоқсанында-ақ өңірлердегі қажетті және болашағы бар жобалардың тізбесін анықтауы және тарифтендіруі тиіс", - делінген "Қазақстан - 2050" стратегиясында.

Мемлекеттік дамудың жаңа стратегиясы жергілікті жерлердегі жобаларды ыждағаттылықпен және риясыз түгендеудің қажеттілігін көздейді. Алға қойылған жаңа міндеттердің көлемін, олардың жауапкершілік деңгейі мен дәрежесін ескере келіп, тақау уақытта Үкімет пен өңірлік әкімшіліктер, бұрынғы мақсатты бағдарламалардың Қазақстанды стратегиялық дамытудың жаңа шарттарына сәйкестігіне назар аудатарын болады.

Ең бастысы, алға қойылып отырған жаңа ұзақмерзімді мақсаттар мен міндеттер өңірлердегі кәсіпкерлер үшін режім мен еңбек шарттарының кеңейтіліп әрі оңайлатылуымен қоса жүргізілуде. Мұндай сындарлы тенденция- яғни, мақсат қоя отырып, ең алдымен оның табысты жүзеге асуына жағдай жасау, тек содан кейін ғана іс нәтижесін талап ету - мемлекеттің айырықша ерекшелігін білдіреді.

Бұл жолы Мемлекет басшысы "Қазақстан-2050" стратегиясының негізгі қағидаларын таныстыра келіп, міндеттерді толыққанды әрі жан-жақты түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар оларды шешу жолдарын да белгілеп берді. Бұл ең алдымен, өңірлік даму және қазақстандық облыстардың инвестиция тарту орталықтары мәртебесіне ие болуы.

"Өңірлер инвестициялар тартуға мүдделі болуы үшін жер қойнауын пайдалануға мораторийді жою қажет.

Біз жай ғана шикізат беруден энергия ресурстарын қайта өңдеу мен аса жаңа технологиялармен алмасу саласындағы ынтымақтастыққа көшуге тиіспіз. 2025 жылға қарай біз өз нарығымызды жаңа экологиялылық стандарттарына сай жанар-жағармай материалдармен толықтай қамтамасыз етуге тиіспіз", - деп атап айтылған "Қазақстан-2050" Стратегиясында.

Бұл жағдайда инвестормен қарым-қатынас сипаты да өзгереді. Мұнда тағы да бір міндет өз рөлін ойнайды, ол - елге ақша ғана емес, технология да тарту. Екіншісі және маңыздырақ деуге болады, себебі ұлттық экономиканың технологиялық дамуы туралы айтуға мүмкіндік береді, сөйтіп инновациялық құрылымның негізін қалауға жағдай жасайды. Енді "шикізатты технологияға айырбастау" формуласы іргетастық сипат алып, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жылжытуда орталық тезиске айналады.

"Біз инвесторларды елімізге ең заманауи өндіру және қайта өңдеу технологияларын беру шартымен ғана тартуға тиіспіз. Біз инвесторларға еліміздің аумағында ең жаңа өндірістер құратын болса ғана шикізаттарымызды өндіру мен пайдалануға рұқсат беруге тиіспіз.Қазақстан инвестиция үшін өңірлік тартылыс күші болуы тиіс. Біздің еліміз инвестиция үшін және технологиялар трансферті үшін Еуразиядағы ең тартымды болуға тиіс. Мұның принципті маңызы бар. Біз инвесторларға қолда бар артықшылықтарымызды көрсетуге тиіспіз", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев, "Қазақстан-2050" Стратегиясының қағидадалын таныстыра келіп.

Үкімет пен өңірлердің инвестициялық тартымдылықты жылжыту және жаңа өндіріс құру бағытындағы күш-қуатын жұмылдыру дегеніміз - қаржыландыру көзін мен перспективалық жобаларды жүзеге асыраудағы серіктестерді және Қазақстаннан тыс жерлерде таныстыру жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін іздеуді білдіреді. Осы жерде Экспорт және инвестициялар агенттігінің профильді жұмысының нәтижелеріне көңіл аудару қажет.

"2012 жылы Агенттік жобалары перспективада 590 млн АҚШ долларына бағаланатын 16 шетелдік инвесторды тартуға ықпал етті", - деді Kaznex Invest Ұлттық агенттігі басқармасы төрағасының орынбасары Қ. Карманов.

Қазақстанды дамытудың жаңа дәуірі мен жаңа стратегиялық міндеттерді ескере отырып, бүгін Kaznex Invest агенттігі елге еркін инвестициялық ресурстарды тарту және экспорттық мүмкіндіктерді арттыру жөніндегі міндеттерді шешудің кешенді тәсілдерін ойластыруда. Негізі, Қазақстан тек қана экономикалық прагматизмге негізделген халықаралық тәжірибеге қол артып отыр. Ол әлемдік нарықтық тенденцияларды зерттей отырып, осы трендті дамытудағы өз стратегиясын қалыптастыруды білдіреді. Кешегі дамушы елдер осындай жолмен индустриялық секіріс жасап, бүгінде дамудың көшбасшыларына айналып отыр.

"Біз қазір Қазақстанның Ұлттық экспорттық стратегиясын әзірлеуді ұсынып отырмыз. Іс жүзінде, көптеген елдерде, мысалы Америкада, Еуроодақ елдерінде, Түркияда осылай жасалады. Қазіргі күні мұндай стратегиялар қабылданып, жұмыс істеп жатыр. Осының бәрі ел, мемлекет сауда-саттықтың әлемдік тенденциясын түсініп, қалыптасқан жағдайға бейімделуі үшін, сөйтіп өз өндірушілеріне қажетті көмек көрсету үшін жасалуда. Біз осы арқылы қазақстандық экспортты жылжытудың кешенді жүйесі мен кешенді тәсілдері қалыптасады деп үміттенеміз", - дейді "Kaznex Invest" Ұлттық экспорт және инвестиция агенттігі басқармасы төрағасының орынбасары.

Бірақ, бұлардың бәрі әзірге келешектегі перспектива ғана. Ал қазіргі, елді дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиялық құжатында жан-жақты сипатталған ағымдағы басымдықтар Қазақстан өңірлерін әлеуметтік-экономикалық дамытудағы теңгерімсіздіктерді түбірімен өзгеруді қарастырады.

Облыстардың кірістер мен шығыстарының қазіргі кездегі құрылымы теңгерімді көрсеткіштер туралы айтуға мүмкіндік бермейтіні құпия емес. Өнеркәсіпті дамытуда, инвестиция тартуда, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешуде де белгілі бір қиындықтарды бастан өткеріп отырған дотациялық өңірлер ерекше көзге ұрып тұрады.

Ирине, бұл теңгерімсіздік бюджеттік дотациялар арқылы барынша реттеліп отырылды. Сонда да болса, индустрияны, аграрлық кешенді, қайта өңдеуді дамыту жөніндегі стратагиялық міндеттерді сапылы әрі өнімді шешуге кедергі келтіреді. Алайда, аталған сұрақтарды шешудің жүйелі жолдары туралы айтатын болсақ, онда тарихи қалыптасқан мәселелерге қарсы тұрудың әдістері мен құралдарын Үкіметтің ойластыруы қажеттігі белгілі.

Бұл мәселе Қазақстанды 2050 жылға дейін дамытудың жақында ғна таныстырылған Стартегиясында алға қойылып, сөз болды. "Қазір бірқатар өңірлердің әлсіз экономикалық дамуы жұмыспен қамтудың орындалмуына алып келеді. Халықтың табысы деңгейінің бір бағытқа жиналуы жүріп жатыр. Сонымен қатар, бізге өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық шарттарды теңестірудің жаңа тиімді тетіктері қажет", - деп атап өтті Елбасы.

"Үкіметке облыстардың әкімдерімен бірлесіп, 2013 жылы шағын қалаларды дамыту жөнінде бағдарлама қабылдауды тапсырамын. Бұл олардың базасында көптеген индустриялық жобалар жасай отырып, ұзақ мерзімге арналуы керек. Олардың міндеті - өңірлердің салаларға мамандану жүйесін құруға көмектесу, ірі агломерациялардың индустриялық-өндірістік серіктес қалаларына айналу, ақыр соңында, жергілікті халықтың тұрмыс деңгейін арттырып, ауыл жастарын жұмыспен қамтамасыз ету", - деді Н.Назарбаев өзіні "Өазақстан-2050" Стратегиясыны туралы сөйлеген сөзінде.

Алдағы айларды Үкімет жоспарлар мен бағдарламаларды зерттеуге жұмсамақшы. Бірінші құжат - Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі шараларжың Жалпыұлттық жоспары - қабылданды. Ендігі кезекте салалық және өңірлік даму бағдарламалары тұр. Және, ең бастысы, жаңа Стратегияның мақсаттарын есепке алғанда, ұзақ мерзімді дамудың барлық бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін және жүзеге асыру тетіктерін барынша үйлестіру болып табылады.

"Енді Үкіметтің алдында Елбасы қойған үлкен міндеттер - Стратегия шеңберінде Қазақстанның дамыған отыз елдің қатарына енуі Тұжырымдамасын әзірлеу, еліміздің инфрақұрылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, АӨК дамыту бағдарламасын қабылдау және басқа да әлеуметтік салаға, білім беруге, ғылымға және денсаулық сақтауға қатысты бірқатар маңызды құжаттарды қабылдау жұмыстары тұр", - деп атап өтті Премьер-Министр Серік Ахметов ҚР Үкіметінің Жолдауды жүзеге асыру жөніндегі отырысында сөйлеген сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны