01.09.2011, 11:18 3395

Қазақстанды діни экстремизмнен қорғау қажеті

Бізге мемлекетті діни экстремизмнен қорғайтын заңды міндетті түрде қабылдау керек. Бүгін төртінші шақырылған Парламенттің бесінші сессиясының ашылуы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Астана. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанды діни экстремизмнен қорғау қажеті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бізге мемлекетті діни экстремизмнен қорғайтын заңды міндетті түрде қабылдау керек. Бүгін төртінші шақырылған Парламенттің бесінші сессиясының ашылуы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агеттігі.

"Осы сессия барысында Парламент "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заң жобасын қарайтын болады. Дінаралық келісім біздің халықтарымыздың бірлігінің негізі. Жалпы, дінаралық мәселелерге келетін болсақ, бізге міндетті түрде бұл заң жобасын қабылдап, түзетулер енгізуіміз керек. Бұнда ар бостандығына қандай да бір тиымдар, шектеулер туралы әңгіме болып отырған жоқ. Негізгі мәселе мемлекетті діни экстремизмнен қорғауға қатысты болып отыр. Бұны барлық мемлекеттер жүзеге асыруда. Неге бізде ғана барлық мәселеге жол берілуі тиіс? Кім келгісі келсе келеді, не істегісі келсе істейді. Икесінің атымен мешіттер ашылуда, ал ол мешіттердің немен айналысатынын ешкім білмейді. Ондайды ешкім тіркеп те, тексеріп те жатқан жоқ. Сондықтан да, біз мемлекетте тәртіп орнатуды өзіміз ойлануымыз керек", - деді Елбасы.

Осыған орай Президент аталмыш мәселеге депутаттар мұқият болатындығына, барлығы дұрыс жолмен шешім табатынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны