10.08.2006, 09:17 2805

Қазақстанды Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке қабылдау жөніндегі келіссөздер барысында, сарапшылардың бағалауынша, АҚШ, Канада, Австралия, Бразилия және Еуроодаққа мүше елдермен келісімге келудің маңызы зор

АСТАНА. 10-тамыз. Kazakhstan Today . Қазақстанды Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке қабылдау жөніндегі келіссөздер барысында, сарапшылардың бағалауынша, АҚШ, Канада, Австралия, Бразилия және Еуроодаққа мүше елдермен келісімге келудің маңызы зор. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл мәселе кеше үкіметте премьер-министр Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен өткен кеңесте талқыланды.

Кеңес барысында Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымының нормаларына сәйкес құқықтық тәжірибені қолдану және сыртқы сауда заңнамасын қалыпқа келтіруге байланысты жүйелі сипаттағы мәселелер қаралды.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына ену жөніндегі жұмыс тобының құрамында аталмыш ұйымға мүше 39 ел бар. Бүгінде Қазақстан 14 елмен екі жақты келісімдерді аяқтады.

Ұйымға мүше елдер зияткерлік меншікті қорғау, генетикалық модификацияланған өнімдер импорты, ет және ет өнімдері импортына бақылау жасау рәсімдері, қаржылық, телекоммуникациялық қызмет, санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану саласында, т.б. талаптар қоюда.

Үкімет басшысы атап өткендей, Қазақстанның ұйымға енуі жөніндегі жұмыс тобына мүше елдер тарапынан білдіріп отырған тілектер қатарында Қазақстанның рыногы қызметіне қол жеткізу мүмкіндігі болып табылады. Қаралатын тақырыптар тізімінде еліміз аумағына шетелдік өкілдердің уақытша келіп-кету мәселесі де қарастырылған. Осыған байланысты үкімет басшысы барлық мүдделі ведомстволарға өз ұсыныстарын кезекті талқылауға әзірлеп келуге тапсырма берді.

Кеңес соңында премьер-министр барлық салалық министрліктер мен ведомстволарға қойылып отырған талаптарды қабылдаудың салдарларын сараптап, содан кейін барып Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту барысында келісссөздерде ұстанатын ұстанымын үйлестіру туралы міндеттер жүктеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны