30.05.2013, 12:58 17855

Қазақстанды еңбекке жарамды жастағы жұмыспен қамтылған халық саны 2012 жылы 2,8%-ға өсті

"Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында еңбекке жарамды жастағы 8,3 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 228,1 мың адамға 2,8%-ға артты", - делінген агенттік мәлімдемесінде.

Астана. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанды еңбекке жарамды жастағы жұмыспен қамтылған халық саны 2012 жылы 2,8%-ға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылы Қазақстанда еңбекке жарамды халық саны 8,3 млн. адамды құрап, 2,8%-ға артты, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

"Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында еңбекке жарамды жастағы 8,3 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 228,1 мың адамға 2,8%-ға артты", - делінген агенттік мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, 2012 жылы еңбекке жарамды жастағы жалдамалы қызметкерлердің саны 5,7 млн. адамды немесе экономикада жұмыспен қамтылған осы жастағы халықтың жалпы санынан 69,0% құрады. 2011 жылмен салыстырғанда 231,2 мың адамға, 4,2%-ға өсті.

Айта кету керек, еңбекке жарамды жастағы жұмыспен қамтылғандардың арасында өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың саны 2,6 млн.адамды немесе 31,0% құрады.

Өз алдына еңбекке жарамды жастағы жұмыссыз халықтын саны 474,8 мың адамды құрады, олардан 39,7% - ерлер, 60,3% - әйелдер.

Статистикалық ведомствоның мәліметінше, 2012 жылы осы жастағы тұлғалардың арасында жұмыссыздық деңгейі 5,4% құрады.

Бұдан өзге, өткен жылы жастар арасындағы жұмыссыздар саны өсті. Еңбекке жарамды 16-24 жас аралығындағы жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,0%, 16-28 жастағылардікі - 5,4% болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны