13.06.2014, 18:48 8845

Қазақстанды мекен еткен киік саны 37 пайызға артты - ҚОСРМ

"Көктемде киік мекендейтін аумақтарда жануарларды есептеу науқаны жүргізілді", - деді министр. Оның нәтижелері бойынша былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда Қазақстанды мекен еткен киік саны 37 пайызға артып, 256 мың бастан асқан.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan today. Қазақстанды мекен еткен киік саны 37 пайызға артты. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Н.Қаппаров мәлімдеді.

"Көктемде киік мекендейтін аумақтарда жануарларды есептеу науқаны жүргізілді", - деді министр.

Оның нәтижелері бойынша былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда Қазақстанды мекен еткен киік саны 37 пайызға артып, 256 мың бастан асқан.

Айта кетейік, орман және аңшылық шаруашылықтары секторын дамыту міндеттері қазір әзірленіп жатқан 2020 жылға дейінгі экономиканың орман секторын дамыту жөніндегі бағдарламада белгіленбек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны