16.07.2014, 22:29 2856

Қазақстандық 50-ден астам ЖОО жетекшілері әлем университеті сертификатын алды

Бүгін Назарбаев университетінде біліктілік арттыру бағдарламасына қатысушы қазақстандық ЖОО жетекшілеріне сертификат беру салтанаты өтіп, онда 55 жетекші аталмыш сертификатқа ие болды.

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Назарбаев университетінде біліктілік арттыру бағдарламасына қатысушы қазақстандық ЖОО жетекшілеріне сертификат беру салтанаты өтіп, онда 55 жетекші аталмыш сертификатқа ие болды.

Назарбаев университетінің Жоғарғы оқыту мектебінің Жоғары білімдегі көшбасшылық британ қорымен бірлесе дайындаған қазақстандық ЖОО жетекшілерінің аталмыш біліктілік арттыру курсы біздің еліміздің жоғары білімі жүйесінің дауындағы маңызды жобалардың бірі болып табылады.

"Қазақстанның экономикалық, саяси тұрақтылығы, оның әлемдегi беделi елiмiздiң бiлiм беру деңгейiне байланысты екенiн есте сақтауымыз керек. Басты мiндет - адами ресурстарды дамытуда озық, әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне ықпалдасуға бейiм бiлiм беру жүйесiн құру. Академиялық басқару саласында алған бiлiмдерiңiз қажет болады деп есептеймiн. Бағдарлама жоғары бiлiм берудiң одан ары дамуына жаңа серпiн бередi деп үмiттенемiн", - дедi Аслан Сәрiнжiпов.

Бағдарламаның мақсаты жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа үлгiсiне көшу жағдайында жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру үшiн ұлттық, мемлекеттiк және жеке меншiк жоғары оқу орындары жетекшiлерiнiң көшбасшылық қасиеттерiн дамыту болып табылады. Курс барысында стратегиялық жоспарлау мен ұжымдық басқару, университеттiк басқарушылық, көшбасшылықтың жүйелiк, сыртқы, институционалдық және тұлғалық қырлары сияқты мәселелерге баса назар аударылды.

Айта кету керек, курсқа қтысушылар және ұйымдастырушылардың пiкiрiнше, мұндай бiлiм мен қабiлетке ие болу қазiргi таңдағы мәселелерге уақытылы жауап берiп, университетке қажет өзгерiстердi сәттi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.

Сонымен қатар 3 жылға бағдарланған жоба аясында жоғары оқу орындарының түрлi деңгейдегi 300 әкiмшiлiк құрамы бiлiктiлiгін арттыратынын атап өткен жөн. Назарбаев Университетi Жоғары бiлiм беру мектебi 2012 жылы құрылған.

Аталмыш іс-шарға Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов, Ұлыбританияның жоғары бiлiм берудегi көшбасшылық қорының бағдарламалар директоры Джон Дэвис және Дэвид Пэрри, Назарбаев Университетiнiң президентi Шигео Катсу қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны