21.04.2014, 21:23 3269

Қазақстандық 9 кәсіпорын зиянды еңбек жағдайын жойғаны үшін сенім сертификаттарына ие болды - ЕХИҚМ

Ерікті жария ету бағдарламасы бойынша еңбек жағдайларының стандарттарға сәйкестігінің сенім сертификаттарын 9 қазақстандық кәсіпорын алды, деп хабарлады бүгін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында.

Алматы. 21 сәуір. Kazakhstan today. Ерікті жария ету бағдарламасы бойынша еңбек жағдайларының стандарттарға сәйкестігінің сенім сертификаттарын 9 қазақстандық кәсіпорын алды, деп хабарлады бүгін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында.

"Биылғы жылы төрт өңірде - ШҚО, Павлодар, Алматы, Қызылорда облыстарында ерікті жария ету тәжірибесі іске асырылады. Бұл еңбек жағдайларының мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз еткен кәсіпорындардың сертификат алуына және кәсіпорындардың тиісті тізіліміне енуіне мүмкіндік береді. Мұндай кәсіпорындар 3 жылға дейін жоспарлы тексеруден босатылады. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне тоғыз кәсіпорын осындай сенім сертификатына ие болды", - деді Т. Дүйсенова.

Ол сондай-ақ атап өткендей, бұл бағыттағы жұмыс жаңа технологиялық процестерді, кәсіптерді және өндірістік факторларды ескере отырып кәсіби аурулардың тізімін әзірлеп, бекітуді, кәсіптік және өндірістік-шартты аурулардың жоғары қатерлі топтарын бөлу критерийлерін әзірлеуді; кәсіптік және өндірістік-шартты аурулардың жоғары қатерлі топтарындағы адамдар үшін медициналық және кәсіптік оңалту, сауықтыру емдеу әдістемесін жетілдіруді қамтиды, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ЕХИҚМ) басшысы зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес өнеркәсіптік нысандарды аттестаттауда расталған қауіпті және зиянды еңбек жағдайларын жойған жағдайда жұмыс берушілер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылатынын еске түсірді.

ЕХИҚМ мәліметінше, зиянды және аса зиянды еңбек жағдайларында Қазақстанда 300 мыңнан астам адам жұиыс жасайды, олардың ішінде 74 мыңы әйел.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны