15.05.2015, 21:13 4108

Қазақстандық әскери бөлімшелер Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы ЖІҰК қолбасшысыныӊ оперативті бағынысына өтті

Искери контигенттерді қабылдау және өткізу бойынша арнайы құрылған комиссия бірінші болып Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ бөлімшелерін қабылдады.

Алматы. 15 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін, 2015 жылдыӊ 15 мамыры күні "Харбмайдон" (Тәжікстан Республикасы) оқу-жаттығу полигонында қазақстандық әскери бөлімшелер ҰҚШҰ Жедел іс-қимыл ұжымдық күштері қолбасшылығыныӊ оперативті бағынысына өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Искери контигенттерді қабылдау және өткізу бойынша арнайы құрылған комиссия бірінші болып Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ бөлімшелерін қабылдады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Тау шатқалындағы қабылдау-өткізу рәсіміне ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа барып қайтты. Искери контигенттерді беру рәсімі бірінші рет өткізіліп отырғанын атап өткен жөн.

Жауынгерлік даярлықты қауырт тексеру барысында қазақстандық әскерлер жедел іс-қимыл ұжымдық күштерініӊ құрамына өтті."Харбмайдон" полигонында шоғырланған қазақстандық әскерлердіӊ жай-күйіне комиссия оӊ баға берді.

Ыстық ауа-райына қарамастан ҰҚШҰ ЖІҰК бөлімшелері жауынгерлік әзірлікке келтірілген шоғырлану ауданында көшпелі жағдайда жұмыс істейді.

Штаб құрамына кірген қазақстандық офицерлер алдағы міндеттерді жоспарлау бойынша жауынгерлік құжаттарды пысықтады.

Ертеӊ бөлімшелерді үйлестіру мен біріккен жаттығулар басталады. Жедел іс-қимыл ұжымдық күштерініӊ штабы әскери контигенттердіӊ міндеттерін белгілейді. Халықаралық күштерді Тәжікстан Қарулы күштерініӊ өкілі басқарады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны