22.04.2015, 20:58 3928

Қазақстандық әскери қызметші Олимпиадалық ойындарға жолдаманы жеӊіп алды

ҚР Қорғаныс министрлігі Армияныӊ орталық спорт клубыныӊ келісім шарт бойынша әскери қызметшісі Михаил Красилов 2016 жылғы Олимпиадалық ойындарға лицензия жеӊіп алды. Армия спортшысы жуырда Австрияныӊ Вена қаласында өткен жеӊіл атлетикадан "Vienna City Marathon" халықаралық марафонына сәтті қатысып, олимпиадаға жолдаманы жеӊіп алды. Біздіӊ құрама команданыӊ атынан 30 жеӊіл атлетші спортшы қатысты

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Қорғаныс министрлігі Армияныӊ орталық спорт клубыныӊ келісім шарт бойынша әскери қызметшісі Михаил Красилов 2016 жылғы Олимпиадалық ойындарға лицензия жеӊіп алды. Армия спортшысы жуырда Австрияныӊ Вена қаласында өткен жеӊіл атлетикадан "Vienna City Marathon" халықаралық марафонына сәтті қатысып, олимпиадаға жолдаманы жеӊіп алды. Біздіӊ құрама команданыӊ атынан 30 жеӊіл атлетші спортшы қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазір Михаил Красилов белсенді жаттығу үстінде, себебі ол алдағы Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада кезінде міндетті түрде жүлделі орын иеленуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Сонымен қатар Инчхон қаласында (Оӊтүстік Корея) таэквондо бойынша қазақстандық Қарулы Күштердіӊ командасымен оқу-жаттығу жиыны жалғасуда. Біздіӊ спортшылар Оӊтүстік Корея Қарулы Күштерініӊ құрама командасымен бірге жаттығу жүргізеді. "Осындай бірлескен оқу-жаттығулар Қазақстан мен Оӊтүстік Корея спортшылары үшін тиімді. Осы орайда жинақталған тәжірибе алдағы уақытта біздіӊ спортшыларымыздыӊ республикалық және халықаралық деӊгейдегі жарыстарда сәтті нәтиже көрсетуіне ықпал етеді", - деп атап өтті ҚР ҚМ АОСК аға жаттықтырушы - таэквондо бойынша топ бастығы капитан Инуар Үсенов.

Спорт қазақстандық жауынгерлердіӊ әскери қызметініӊ ажырамас бөлігі болып саналады. Біздіӊ армияныӊ спортшылары әлемдік ауқымдағы жарыстарда еліміздіӊ Қарулы Күштерініӊ атынансәтті шығып, ұдайы жоғарғы нәтижелі көрсеткіштермен көзге түсіп жүр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны