08.04.2015, 19:42 4135

Қазақстандық әскери қызметшілер арнайы мақсаттағы бөлімшелердіӊ халықаралық сайыстарына қатысады

Қазақстандық әскери қызметшілер Иорданиядағы "Warrior-2015" арнайы мақсаттағы бөлімшелердіӊ халықаралық сайыстарына қатысады

Астана. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстандық әскери қызметшілер Иорданиядағы "Warrior-2015" арнайы мақсаттағы бөлімшелердіӊ халықаралық сайыстарына қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Warrior-2015" арнайы масқаттағы топтардыӊ 7-ші халықаралық сайысы сәуірдіӊ 19-ы мен 23-і аралығында Амманда Король II Абдулланыӊ арнайы операциялар оқу-жаттығу орталығында өтеді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қорғаныс министрлігі мен өзге де күштік құрылымдарды құрайтын қазақстандық командалардан басқа сайысқа 20 елден тағы 42 команда қатысады. Фавориттер арасында АҚШ, Ресей, Иордания, Канада командаларын және Қытай Халық Республикасыныӊ чемпиондарын атап өтуге болады.

Сайыс барысында арнайы бөлімшелердіӊ жауынгерлері атыста, шыдамдылықта, командада жұмыс істеуде, шабуылдау дағдысында, таулы дайындықта және т.б. жарыста мықтыларды айқындайтын болады.

Қазақстандық командалар осындай сайыстарға екінші мәрте қатысып отырғандығын атап өткен жөн. Аталған жарыста қазақстандық әскерилер жетекші орындардыӊ бірін иеленді.

Жыл сайынғы "Warrior" сайыстары 2009 жылдан бастап II Абдулла арнайы операциялар оқу-жаттығу орталығыныӊ жаӊғыртылған полигонында Иордания Қарулы Күштерініӊ бастамасы бойынша өткізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны