15.07.2015, 14:52 3691

Қазақстандық Искери-әуе күштерініӊ экипаждары "Авиадартс-2015" баруға дайындалуда

Бүгінгі күні 2015 жылдыӊ 26 шілдесі мен 16 тамызы аралығында Ресей Федерациясына қарасты Липецк және Рязань қалаларыныӊ әскери әуеайлақтарында өтетін "Авиадартс-2015" ұшқыш экипаждардыӊ халықаралық байқауына қазақстандық авиациялық базаныӊ даярлығы аяқталуға жақын қалды

Астана. 15 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгінгі күні 2015 жылдыӊ 26 шілдесі мен 16 тамызы аралығында Ресей Федерациясына қарасты Липецк және Рязань қалаларыныӊ әскери әуеайлақтарында өтетін "Авиадартс-2015" ұшқыш экипаждардыӊ халықаралық байқауына қазақстандық авиациялық базаныӊ даярлығы аяқталуға жақын қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстандық ұшқыштар алғаш рет осы халықаралық байқауға қатысқалы отыр, біз Қазақстанды лайықты деӊгейде көрсету үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Ұшқыштардыӊ көӊіл-күйі сергек, жүлделі орын алуға үміттіміз. Авиаторлардыӊ даярлығы барысында жұптасқан әуе пилотаждары, әуе жолыныӊ ашылуы, мақсатты анықтау және жеӊу пысықталды", - деді Шымкент қаласына қарасты 55652 әскери бөлімініӊ тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі командирдіӊ орынбасары подполковник Жандос Нұрымбетов. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ұшу экипаждарын іріктеу бір ай бұрын басталған болатын. Қазақстандық Искери-әуе күштерініӊ атынан Халықаралық байқауда МиГ-29, Су-25, Су-27 және Ми-8 ұшақтары мен тік ұшақтарыныӊ экипаждары қатысады. Ұшу құрамы байқауға белсенді даярлық үстінде. Иуеайлақтарда инженерлік-техникалық құрам және жер үсті ұшуларын қамтамасыз ететін мамандар толық даярлықтан өтті. Ұшақтар мен тік ұшақтардыӊ қозғалтқыштары мен аппартуралары күн сайын тексеруден өтеді.

Байқауда ұшақтар мен тікұшақтар экипаждарыүшін ұшу тапсырмасы бойынша көзбен шолатын әуе барлауы бағытымен, аймаққа, жай пилотаж және кіші биіктікте жұптасып ұшатын болады. Байқаудыӊ мақсаты әуе жолында жер үсті объектілерін іздестіруді және жұп құрамында жай пилотаждыӊ кескінінорындауда ұшу экипаждарыныӊ дағдыларын бағалау болып табылады. Барлық ұшулар қолайлы метеорологиялық жағдайда іске асырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны