01.04.2013, 13:58 3341

Қазақстандық әуе кемелері паркінің тозуы 80-нен астам пайызды құрады

"Бүгінгі таңда мемлекеттік тізілімде 497 азаматтық әуе кемесі бар. Сарапшылардың мәліметінше, әуе кемелері паркінің тозуы 80-нен астам пайызды құрайды, ал пайдалану мерзімдері 20 жылдан асқан, ал кеменің қызмет етуінің бекітілген мерзімі 30 жылдан аспайды", - деді С.Аимбетов.

Астана. 1-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстандық авиакомпаниялардың пайдалануындағы әуе кемелері паркінің тозуы 80-нен астам пайызды құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Үкімет сағаты барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформалау және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Аимбетов мәлім етті.

"Бүгінгі таңда мемлекеттік тізілімде 497 азаматтық әуе кемесі бар. Сарапшылардың мәліметінше, әуе кемелері паркінің тозуы 80-нен астам пайызды құрайды, ал пайдалану мерзімдері 20 жылдан асқан, ал кеменің қызмет етуінің бекітілген мерзімі 30 жылдан аспайды", - деді С.Аимбетов.

Комитет басшысы ICАО стандарттарына сәйкес келмейтін әуе кемелерінің ескірген паркі отандық азаматтық авиацияның кемшілігі болып табылады.

Өз алдына, ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев 2012 жылы қазақстандық авиакомпаниялар 16 әуе кемесін сатып алғанын хабарлады.

Биыл тағы да 14 әуе кемесі сатып алынады. 2020 жылға дейін отандық компаниялар шамамен 56 әуе кемесін сатып алуды жоспарлап отыр",- деді Жұмағалиев.

Министрдің айтуынша, 2012 жылдың 1 қарашасында ICАО талаптарына сәйкес жұмыс жасамайтын әуе кемелерін пайдалануға тиім салу бұйрығы бекітілген.

"Осы бұйрық бойынша 14 әуе кемесі жолаушы тасымалдау үшін қызмет көрсетуге тиім салынған",- деп атап өтті ККМ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны