01.08.2018, 07:05 4112

Қазақстандық барлаушылар Новосибирск қаласында басталған Халықаралық армия ойындарына қатысуда

Естеріӊізге салатын болсақ, "Искер барлауыныӊ үздіктері" конкурсы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Новосибирск қаласыныӊ маӊында өтетін болады. Ауыспалы кубок үшін, Қазақстан, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Судан, Армения және Зимбабве мемлекеттерініӊ барлаушылары арасында өтеді. Сонымен қоса, жарыс нәтижесі бойынша, еӊ мықты, қайсарлы және жігерлі жауынгерге "Үздік барлаушы" белгісі беріледі.

Астана. 1 тамыз. Kazakhstan Today -Сібір орталығы болып саналатын Новосибирск қаласында "Искер барлауыныӊ үздіктері" конкурсыныӊ салтанатты ашылу іс-шарасы өткізілді. Аталмыш додада айбынды жауынгерлерімізбен қатар, үш құрлықтыӊ жеті мемлекеті қатысуда.

Жарысты ұйымдастырушылар жағы доданы бастамай жатып, жаттығу сағаттарымен қатар, түрлі мәдени-сауықтыру і-шараларын қарастырып қойған екен. Салтанатты ашылу іс-шарасы өтетін күнніӊ өзінде, Новосибирск жоғары әскери командалық училищесініӊ аумағында шыршалар отырғызылып, барлаушылар достастығы аллеясы ашылды.

Конкурстыӊ салтанатты ашылуы Новосибирск қаласыныӊ Орталық саябағында өтті. Іс-шара қала деӊгейінде керемет ұйымдастырылып, тұрғылықты тұрғындар түрлі елдердіӊ сарбаздарын өз көзімен көріп кетуге келді. Келушілер әскери оқу орыныныӊ қару-жарақтары мен әскери техникасын тамашалап, қызықты концерттік бағдарламаныӊ куәгері бола алды. Көрермендердіӊ қатарында қаракөз бауырластарымызда табылды, жергілікті "Отан" қазақ мәдени Орталығы" аймақтық қоғамдық бірлестігініӊ мүшелері тарихи Отаныныӊ жауынгерлерін жылы жүздерімен қарсы алып, ұйым төрайымы Орынкүл Настаушева жарыс алдында сарбаздарға ақ батасын берді. Жергілікті диаспора өкілдері, жарыстыӊ өтетін аймағы, "Кольцово" полигонына келіп, ыстық қолдау көрсетуге серт беріп кетті.

Естеріӊізге салатын болсақ, "Искер барлауыныӊ үздіктері" конкурсы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Новосибирск қаласыныӊ маӊында өтетін болады. Ауыспалы кубок үшін, Қазақстан, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Судан, Армения және Зимбабве мемлекеттерініӊ барлаушылары арасында өтеді. Сонымен қоса, жарыс нәтижесі бойынша, еӊ мықты, қайсарлы және жігерлі жауынгерге "Үздік барлаушы" белгісі беріледі.

"Батыс" өӊірлік қолбасшылығы Басқармасыныӊ

баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны