18.04.2016, 18:15 4346

Қазақстандық барлаушылар ҰҚШҰ қатысушы елдерініӊ оқу-жаттығуында бірлескен іс-қимыл тәжірибесін жинақтайды

Бүгін Тәжікстанда ҰҚШҰ мүше мемлекеттері Қарулы Күштерініӊ барлау күштері мен құралдарыныӊ "Іздестіру-2016" бірлескен оқу-жаттығуы басталды. Оған қазақстандық әскери қызметшілер де қатысуда

Астана. 18 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Тәжікстанда ҰҚШҰ мүше мемлекеттері Қарулы Күштерініӊ барлау күштері мен құралдарыныӊ "Іздестіру-2016" бірлескен оқу-жаттығуы басталды. Оған қазақстандық әскери қызметшілер де қатысуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқу-жаттығу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ "Магоб" оқу-жаттығу орталығыныӊ полигонында және Ресей Федерациясы Қарулы Күштері 201-ші әскери базасыныӊ "Ляур" полигонында өтуде.

Оқу-жаттығуға Беларусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Ресей және Тәжікстан Қарулы Күштерініӊ құрамынан әскери, арнайы, радиоэлектрондық, әуе барлауы бөлімшелерініӊ әскери қызметшілері, барлығы 1 500-ге жуық әскери қызметші, сондай-ақ армиялық, жедел-тактикалық және әскери-көліктік авиация бөлімшелері қатысады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Искерлер топтамасыныӊ барлау бөлімшелері оқу-жаттығу барысында тауларда барлауды жүргізу, барлау ақпаратын жинау, өӊдеу, талдау және ақпарат алмасу, сондай-ақ таӊсық жерде өте маӊызды нысандарды басып алу және жою жөнінде арнайы операциялар барысындағы іс-қимылдар тәжірибесін жинақтайды.

"Біз қойып отырған басты міндет - ол ҰҚШҰ-ныӊ әртүрлі мүше мемлекеттерініӊ барлау құралдарын басқару мәселелерін пысықтау, сондай-ақ бірлескен іс-қимылдарға арналған әскери барлау арнайы бөлімшелерініӊ тәжірибе жинақтауы болып табылады. Көптеген мемлекеттер өздерініӊ техникалық барлау құралдарын алып келгені аса маӊызды болып отыр. Олардыӊ барлығы тартылады. Осы құралдармен әртүрлі мемлекеттердіӊ өкілдері таныс болады. Бұл бізге оларды біріздендіруге, ал еӊ бастысы тапсырмаларды орындау кезінде оларды пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - деді ҰҚШҰ-ныӊ Бас хатшысы Николай Бордюжа.

Арнайы оқу-жаттығулардыӊ мақсаты қарсыласты жою мүддесінде барлау ақпаратын жинау, талдау, өӊдеу және жеткізу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ барлауды ұйымдастыруда басқару органдарыныӊ қабілеттілігін тексеру болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны