25.05.2009, 13:14 1197

Қазақстандық бір телеарнаның журналисі кісі өлтірді деген күдікпен ұсталса, бір газеттің журналисіне жаяу жүргіншіні қағып кетті деген айып тағылуда - ҚР ІІМ

Қазақстандық бір телеарнаның журналисі кісі өлтірді деген күдікпен ұсталса, бір газеттің журналисіне жаяу жүргіншіні қағып кетті деген айып тағылуда - ҚР ІІМ

Астана. 25 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық бір телеарнаның журналисі кісі өлтірді деген күдікпен ұсталса, бір газеттің журналисіне жаяу жүргіншіні қағып кетті деген айып тағылуда. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Астана қалалық бір әйел тұрғын күйеуінің жоғалып кеткенін хабарлаған. 21 мамырда кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен Қазақстандық бір телеарнаның журналисі ұсталды", - деді Қ. Жұманов.

Бұл істің егжей-тегжейін ол тергеу мүддесіне сай хабарлаудан бас тартты.

Сонымен бірге, оның хабарлауынша, 14 мамырда сағат 00.45-те Алматы облысындағы бір ауылдың шетінде Алматы -Өскемен тас жолында бір газеттің журналисі "Мерседес-Бенц" көлігін айдап жүріп жолдың шетінде көлік ұстап тұрған 30 жастағы жяу жүргіншіні қағып кеткен". Жарақат салдарынан жүргінші қайтыс болды.

Қ. Жұмановтың түсіндіруінше, "сот-медициналық сараптама жүргізушінің апат шыққан кзде мас болмағанын анықтады. Апатқа қатысты істі Алматы облыстық ІІД-нің анықтау басқармасы тексеріп жатыр".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны