29.06.2017, 15:03 4127

Қазақстандық делегация Грузияда Халықаралық прокурорлар қауымдастығыныӊ VIII Шығыс-еуропалық және Орталық-азиялық өӊірлік конференциясына қатысты

Екі жақты кездесу барысында әӊгімелесушілер трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, есірткі бизнесімен, киберқылмыстылықпен, экстремизм және терроризммен күрес шеӊберінде ынтымақтастықтыӊ еӊ маӊызды бағыттары бойынша тәжірибе алмасты.

Астана. 29 маусым. Kazakhstan Today - Президент Икімшілігі басшысыныӊ орынбасары Талғат Донақовтыӊ басшылық етуімен Қазақстандық делегация Қазақстанныӊ қылмыстық процесін жаӊғырту аясында құқық қорғау мен сот органдарыныӊ тәжірибесін зерделеу үшін Тбилиси қаласына сапарын жалғастырды.

Делегация мүшелері Грузия Жоғарғы Сотыныӊ төрағасы Нино Гвенетадзе ханыммен кездесті. Грузия тарапынан кездесуге Иділет министрлігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Конституциялық сот, Жазаны орындау және пробация министрлігі, Адвокаттар қауымдастығы, Заӊи көмек қызметі, Заӊ фирмаларыныӊ қауымдастығы, Иділет жоғарғы кеӊесініӊ өкілдері, сондай-ақ Тбилиси қалалық және апелляциялық соттардыӊ судьялары қатысты.

Иӊгімелесу барысында Грузиядағы сот реформалары мен қылмыстық сот төрелігі жүйесініӊ мәселелері талқыланды. Грузияныӊ тәжірибесініӊ ерекшелігі, қысқа мерзім ішінде қылмыстық сот ісін жүргізудіӊ еуропалық үлгісіне көшуді жүзеге асырып, оны өте тиімді қолданатынын атап өткен жөн.

Кездесу соӊында қазақстандық делегацияныӊ басшысы грузия тарабына жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдірді және құқықтық салада өзара іс-қимылды одан әрі кеӊейту қажеттігін айтты.

Осы күндері Тбилиси қаласында "Активтерді қайтару және киберқылмыстылық" тақырыбына Халықаралық прокурорлар қауымдастығыныӊ VIII Шығыс-еуропалық және орталық-азиялық өӊірлік конференция өтіп жатқанын атап өту қажет.

Конференцияға әлемніӊ 27 елінен 150 қатысушы және 7 халықаралық органдар мен ұйымдардыӊ өкілдерін жиналды. Біздіӊ тарапымыздан оған Бас Прокурордыӊ орынбасары Марат Ахметжанов қатысты.

Прокурорлар ұрланған, оныӊ ішінде электронды валюта түріндегі активтерге тыйым салу мен тәркілеу бойынша халықарылық ынтымақтастықтыӊ, құқықтық көмек туралы сұраулардан тыс ресми емес ынтымақтастықтыӊ, тыйым салынған мүліктерді басқарудыӊ көкейкесті мәселелерін қозғады.

Форум шеӊберінде М.Ахметжановтыӊ Грузия, Украина, Беларуссия, Ұлыбритания, Украина, Өзбекстан бас прокуратураларыныӊ басшыларымен, сондай-ақ ХПҚ басшылығымен келіссөздері өтті.

Екі жақты кездесу барысында әӊгімелесушілер трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, есірткі бизнесімен, киберқылмыстылықпен, экстремизм және терроризммен күресу шеӊберінде ынтымақтастықтыӊ еӊ маӊызды бағыттары бойынша тәжірибемен алмасты. Сондай-ақ, жиын барысында құқық қорғау жүйесін реформалау, шарттық-құқықтық базаны кеӊейту мен нығайту саласындағы қол жеткізген жетістіктер жайлы пікір алмасулар болды,- деп хабарлайды Бас прокуратураныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны