20.01.2014, 18:48 6787

Қазақстандық делегация қалпына келтірілетін энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік ассамблеясының 4-ші сессиясына қатысты

20-22 қаңтар аралығында Ибу-Даби қаласындағы ADNEC Халықаралық көрме орталығында Болашақ Энергиясының Бүкіләлемдік Саммиті "World Future Energy Summit 2014" (WFES) өтеді.

Алматы. 20 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н.Қаппаров бастаған қазақстандық делегация қалпына келтірілетін энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік ассамблеясының 4-ші сессиясына қатысты.

Қазақстан БАИ астанасы Ибу Даби қаласында өтетін "Тұрақтылық аптасы" (Abu Dhabi Sustainability Week) аясында ұйымдастырылған шараларға қатысады.

17-18 қаңтар аралығында Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров бастаған қазақстандық делегация қалпына келтірілетін энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік ассамблеясының 4-ші сессиясына (IRENA) қатысты. Біздің еліміз 2013 жылдан бері осы ұйымның құрамында.

20-22 қаңтар аралығында Ибу-Даби қаласындағы ADNEC Халықаралық көрме орталығында Болашақ Энергиясының Бүкіләлемдік Саммиті "World Future Energy Summit 2014" (WFES) өтеді. Саммитке 26 мыңнан астам адам мен 40 елден 650 экспонент-компаниялар, 20-дан астам павильондар қатысады деп күтілуде.

Саммиттің панельдік сессияларына "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ мен Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің өкілдері қатысады.
WFES аясында ұйымдастырылған көрмеде жұртшылық назарына "Астана ЭКСПО-2017" павильоны ұсынылатын болады. Қазақстан алғаш рет саммитке экспонент ретінде қатысқалы отыр. Жалпы аумағы 225 шаршы метрді құрайтын ақпараттық стенд қатысушыларды Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі мен оның басты тақырыбы әрі саммитте көтерілетін негізгі мәселе "Болашақ энергиясы" туралы хабардар етеді.

2017 жылы Қазақстан түрлі елдер, компаниялар мен ұйымдар қазіргі замандағы басты энергетикалық мәселелердің шешімдері ұсынылатын келелі кеңестер мен пікірталастардың ауқымды әлемдік платформасына айналады.

Сондай-ақ қазақстандық делегация Масдар қаласында Дубай ЭКСПО-2020 ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен кездеседі деп жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны