16.01.2014, 19:08 7063

Қазақстандық делегация Мадридтегі "FITUR" халықаралық туристік көрмеге қатысады

Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін Астана, Алматы қалалары, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облысының делегаттары таныстырады, деп мәлімдеді ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі.

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылдың 22-26 қаңтар аралығында Мадридте биылғы жылғы алғашқы ірі туристік шара - 34-інші "FITUR" халықаралық туристік көрмесі өтеді. Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін Астана, Алматы қалалары, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облысының делегаттары таныстырады, деп мәлімдеді ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі.

"FITUR" халықаралық туристік көрмесі туризм саласындағы түрлі жетістіктерді паш етеді. Онда осы саладағы соңғы жетістіктер, заманауи үрдістер, кеңестер, тренингтер, жаңа тауар мен қызмет түрлері, логистикалық компаниялар, елдердің мәдениеттері таныстырылады. Бес күн ішінде көрмеге келушілер қазақстандық жетістіктермен танысуға мүмкіндік алады. Көрме аясында Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін Астана, Алматы қалалары, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облысының делегаттары таныстырады", - делінген хабарламада.

Қазақстандық делегация құрамында халықтық зергер Илібай Берік пен Қ.Байжанов атындағы "Аққу" концерттік бірлестігі бар.

"Қазақстанның "FITUR" жобасына қатысуы - елге туристерді тарту мақсатында Қазақстанның туристік имиджін құру бойынша мемлекеттік ірі жұмысы болып табылады. Қазақстан Республикасының Индустрия және туризм министрлігінің Туризм индустриясы комитеті біздің еліміздің туристік әлеуетін жаһанға танытуға таптырмас мүмкіндік болып саналатын әлемдік шараға қатысып, туризм саласында іскерлік келісімдерге қол жеткізеді", - деді ҚР ИЖТМ ТИК төрағасы Марат Иғалиев.

Айта кету керек, 2013 жылы "FITUR" көрмесіне әлемнің 167 елі мен өңірінен 9 мыңдай компания қатысып, 116 мыңнан астам фирма өкілдері қатысты. Шараға 100 мыңдай қонақ келді.

Көрме аясында бірқатар шаралар өткізіледі: заманауи әлемде туризм мен инновациялық-коммуникациялық біріккен дамуға арналған "Фитуртеч" ғылыми-технологиялық форум, "Ноу-ХауТуризм" конференциясы, Sected Prize семинар-таныстырылымы өткізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны