29.07.2015, 15:30 3548

Қазақстандық ғарышкердіӊ ғарышқа сапары 10 тәулікке созылады - Е.Шаймағамбетов

Қазақстандық ғарышкер үстіміздегі жылдыӊ 2 қыркүйегінде "Байқоӊыр" ғарыш айлағынан таӊғы сағат 10:30-да ғарышқа ұшады. Бұл туралы бүгін Алматыда журналистермен болған кездесуде ҚР Инвестициялар және даму министрлігініӊ Аэроғарыш комитетініӊ төрағасыныӊ орынбасары Еркін Шаймағамбетов мәлім етті

Астана. 29 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақстандық ғарышкер үстіміздегі жылдыӊ 2 қыркүйегінде "Байқоӊыр" ғарыш айлағынан таӊғы сағат 10:30-да ғарышқа ұшады. Бұл туралы бүгін Алматыда журналистермен болған кездесуде ҚР Инвестициялар және даму министрлігініӊ Аэроғарыш комитетініӊ төрағасыныӊ орынбасары Еркін Шаймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біз бұл күнді 2009 жылдан бері күтіп жүрміз. Өкінішке қарай, сол жылы дағдарыстыӊ салдарынан ғарышкерімізді ұшыра алмадық. Енді Қазақстан мен Ресей басшылығыныӊ шешімі бойынша қазақстандық ғарышкер биыл қыркүйек айында ғарышқа аттанатын болады", - деді Е.Шаймағамбетов, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Ол сонымен қатар осы ұшу сапары барысында қазақстандық ғалымдардыӊ қатысуымен зерттеулер жүргізу мақсатында, бірқатар ғарыштық тәжірибелер жүргізілетіндігін жеткізді.

"Бұл бірінші бағдарлама емес. Отандық бағдарламалар бойынша күні бүгінге дейін төрт ғарыштық сапары жүзеге асты. Изірге жоспарланып отырған міндеттер сол бағдарламалардыӊ жалғасы. Жүргізілетін тәжірибелер көп емес. Өйткені, бұл жолы ұшу уақыты ұзақ емес, бары-жоғы 10 тәулік. Қазақстандық ғарышкер "Байқоӊыр" ғарыш айлағынан Астана уақыты бойынша үстіміздегі жылдыӊ 2 қыркүйегінде таӊғы сағат 10:30-да ұшады. 12 қыркүйекте шамамен таӊғы сағат 7-де қонады деп жоспарланған", - деді Е.Шаймағамбетов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны