25.06.2018, 22:57 4676

Қазақстандық ІТ-компаниялар өз өнімдерін Қырғызстанда таныстырды

Қазақстанныӊ 29 компаниясы қырғыз өкілдеріне 80-нен астам ақпараттық-технологиялық шешімдері мен өнімдерін ұсынды. Қазақстандық компаниялардыӊ денсаулық сақтау, білім беру, ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар, Smart City, көлік, қауіпсіздік, экономика және қаржы саласындағы мүмкіндіктері Қырғызстандағы мемлекеттік органдар мен ірі компаниялардыӊ қызығушылығын тудырды.

Астана. 25 маусым. Kazakhstan Today - 21-22 маусым аралығында қазақстандық делегацияныӊ Бішкек қаласында жұмыс сапары өтті. Кездесуде "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы және Қырғыз Республикасыныӊ "ТазаКоом" Ұлттық цифрлық трансформациялау бағдарламасы аясында ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Қазақстанныӊ 29 компаниясы қырғыз өкілдеріне 80-нен астам ақпараттық-технологиялық шешімдері мен өнімдерін ұсынды. Қазақстандық компаниялардыӊ денсаулық сақтау, білім беру, ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар, Smart City, көлік, қауіпсіздік, экономика және қаржы саласындағы мүмкіндіктері Қырғызстандағы мемлекеттік органдар мен ірі компаниялардыӊ қызығушылығын тудырды.

Қазақстандық IT-компаниялар мен "Қырғызтелеком" ААҚ, "Қырғыз почта" МК араларында екі меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ кездесу барысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Шеглова Astana Hub Халықаралық Технопаркініӊ таныстырылымын өткізді.

Қорытынды кеӊеске Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары Асқар Жұмағалиев және Қырғыз Республикасыныӊ Премьер-Министрініӊ орынбасары Замирбек Асқаров қатысты.

Асқар Жұмағалиев "Цифрлық Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасы жайлы қырғыз тараптарына айтып берді және 2018 жылдыӊ 3 шілдесіне жоспарланған Астана Hub павильоныныӊ техникалық ашылуына шақырды.

Өз кезегінде, Замирбек Аскаров Қазақстанмен ынтымақтастықтыӊ стратегиялық маӊыздылығын және ақпараттық технологиялар саласындағы үлкен әлеуетті атап өтті. Ақпараттық технологиялар және байланыс жөніндегі Қырғызстан Республикасы мемлекеттік комитетініӊ төрағасы Бақыт Шәршімбиев қазақстандық делегацияныӊ жасаған сапарына алғысын білдірді және қазақстандық компаниялардыӊ ұсынған шешімдері қырғыз елінде сұранысқа ие екенін атап өтті.

Сапар барысында Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс министрлігі мен Қырғыз Республикасы ақпараттық технологияларыныӊ мемлекеттік комитеті арасында тәжірибе алмасу мақсатында іс-шаралар өткізілді. Тараптар екі елдіӊ үлкен деректер, бұлттық технологиялар, электрондық құжат айналымы саласындағы тәжірибесін талқылады және меморандумдар мен келісімдерді әзірлеу туралы уағдаласты.

Сапар соӊында Асқар Жұмағалиев IT-компаниялардыӊ өкілдерімен бірге кездесулердіӊ қорытындысын талқылады. Компания өкілдері іс-шараныӊ тиімділігін атап өтті және осындай сапармен басқа елдерге барып, өз мүмкіндіктерін ұсынуға дайын екендігін айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны