04.06.2007, 12:24 1429

Қазақстандық кәсіпкерлер Грозный қаласының инфрақұрылымын қалпына келтіруге инвестиция жұмсауға ниет білдірді - Шешенстан президенті

АСТАНА. 4-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстандық кәсіпкерлер Грозный қаласының инфрақұрылымын қалпына келтіруге инвестиция жұмсауға ниет білдірді. Бұл туралы бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін өткізілген брифингте Шешенстан президенті Рамзан Қадыров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстандық кәсіпкерлермен келісім жасалды, соған сәйкес олар Грозный қаласындағы құрылыс жұмыстарына қатысатын болды",- деді Р.Қадыров.

"Мен қазақстандық кәсіпкерлермен жүздестім, олар таяу уақыттарда өз өкілдерін жіберіп, онда құрылыс салуға қолайлы бағыттарды таңдайтын болды",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны