06.06.2018, 20:25 4571

Қазақстандық кәсіпкерлерге әкімшілік жүктеме азайтылады

Заӊға 24 мамырда Мемлекет басшысы қол қойды. Құжат Президенттіӊ 2017 жылғы 31 қаӊтардағы Қазақстан халқына Жолдауында берілген бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеӊейту жөніндегі тапсырмасына орай әзірленген және 14 кодекс пен 109 заӊға 1000-ға тарта түзетуді көздейді.

Астана. 6 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин Қазақстанныӊ Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында "ҚР кейбір заӊнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊныӊ қолданысқа енгізілуімен Қазақстанныӊ кәсіпкерлері мен бизнесмендерін күтетін жаӊалықтар туралы баяндады.

Заӊға 24 мамырда Мемлекет басшысы қол қойды. Құжат Президенттіӊ 2017 жылғы 31 қаӊтардағы Қазақстан халқына Жолдауында берілген бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеӊейту жөніндегі тапсырмасына орай әзірленген және 14 кодекс пен 109 заӊға 1000-ға тарта түзетуді көздейді.

"Бұл Заӊ көбінесе кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеудіӊ шарттарын жақсартуға және кәсіпкерлердіӊ бүгінде едәуір осал жері болып отырған құқықтық қатынастардағы құқығын қорғауды қамтамасыз етуге, оларға әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді", - деді С.Жұманғарин ОКҚ баспасөз конференциясында.

Бірінші бағыттыӊ - мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін реформалаудыӊ аясында - Қазақстанда жаӊа алдын ала бақылау институты енгізіледі. Қазіргі қолданылып жүрген тексерістен айырмашылық құқықбұзушылықтарды әкімшілік іс қозғамай тұрып, алдын алу және ескерту болмақ. Мәселен, бақылау қорытындысы бойынша кәсіпкерге заӊбұзушылықты жою туралы ескертпе беріледі, ал бұрын ол бірден әкімшілік немесе өзге де жауапкершілікке тартылатын еді. Бизнесменге анықталған заӊбұзушылықты жоюға белгілі бір уақыт беріледі, ал ол жойылмаған жағдайда, мемлекеттік органға ендігі тұста қайталама, яғни жоспардан тыс тексеру құқығы беріледі.

"Бұл, сөз жоқ, шығындарды және кәсіпкердіӊ назарын негізгі қызметінен бұратын қысымды азайтуға мүмкіндік береді, сәйкесінше, сыбайлас жемқорлық қатері төмендейді", - деді вице-министр.

Заӊ арқылы қазіргі 114 бақылау саласынан 20 сала және 544 бақылау қызметінен 108-і алынып тасталады, сондай-ақ Икімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстіӊ 47 бабы бойынша баптар және өкілетті органдардыӊ әкімшілік іс қозғау үшін құзыреті алынып тасталады.

Екінші бағыт - ақпараттық құралдарды реттеу - ҰЭМ бұйрығыныӊ деӊгейінде ақпараттық құралдардыӊ тізбесін заӊнамалық бекітуді көздейді. Барлық ақпараттық құралдар мен оларды ұсыну тәртібі нақты регалменттеледі, ал олардыӊ санын реформаныӊ тек алғашқы кезеӊініӊ өзінде 30%-ға қысқарту жоспарланып отыр.

Заӊ арқылы сондай-ақ табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сала субъектілері көрсететін міндетті қызметтерді реформалау қарастырылған. Енді Үкімет осындай қызметтердіӊ тізбесін бекітетін болады, олардыӊ саны 75-ке жуық екені анықталды, ал ҰЭМ оларды көрсетудіӊ тәртібін бекітіп, олардыӊ көрсетілуіне бақылауды жүзеге асыратын болады.

"Нәтижесінде, кәсіпкерлердіӊ табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сала субъектілерімен өзара әрекеті кезіндегі құқығы мен мүдделерін қорғау қамтамасыз етіледі", - деді ҚР ҰЭМ вице-министрі.

Заӊныӊ бір нормасы сондай-ақ бизнес шығындарын төмендету, бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтау мен жою. Сонымен қатар, кәсіпкерлердіӊ түрлі, техникалық, экологиялық, монополияға қарсы реттеу, жер қатынастары, табиғи монополия секілді салалардағы бейөндірістік шығындарын азайту қарастырылған; қоғам мүддесіне және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зардап келтіру қатерінсіз адал бәсекелестікті дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу арқылы елдегі бизнес-климатты жақсарту көзделген.

Заӊ сондай-ақ қазақстандық тасымалдаушыларға салықтық ауыртпалықтарды азайтуды көздейді. Иӊгіме Қазақстанныӊ аумағынан отандық автокөлік құралдарын шығару алымыныӊ мөлшерлемесін 3-тен 1 АЕК-ке дейін азайту туралы болып отыр. Бұл бизнес шығындарын 1,4 млрд теӊгеге қысқартуға мүмкіндік береді.

Түзетулер сондай-ақ Қазақстанныӊ "Doing Business" рейтингіндегі позициясын жақсартуға бағытталып отыр. Бұл жұмыстардыӊ аясында Заӊ арқылы рейтингтіӊ 8 индикаторы бойынша бизнес жүргізу шартын жақсарту реформасыныӊ 6 пакеті көзделеді.

Мәселен, бизнестіӊ операциялық шығындарын қысқарту және мөр талап етуді жою реформасын жалғастыру мақсатында мемлекеттік органдар мен қаржылық ұйымдарға жеке кәсіпкерлік субъектісініӊ құжатындағы мөрді талап етуіне тыйым салуды енгізу ұсынылуда. Құрылыс саласында құрылыс жобасына кешенді ведомстводан тыс сараптама жасау құрамындағы жобалардыӊ экологиялық сараптамасына қатысты "бірыӊғай терезе" қағидасы жетілдіріледі.

Сондай-ақ, жер және құқық кадастрын кейіннен біріктіру мақсатында жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу және Иділет министрлігініӊ атынан мәміле жасау жөніндегі функцияны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына беру ұсынылып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны